Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Илийского района

Қаулы · № 346 · қабылданған 06.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116102/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Илийского района Қолданыста Қаулы ·№ 346 ·06.11.2017
07.03.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Илийского района

Қолданыста Қаулы ·№ 346 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Илийского района
Атауы (қаз.)
Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
346
Қабылданған күні
06.11.2017
Көрсетілген редакция
07.03.2023 116102_647948.kaz
Соңғы өзгеріс
07.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17DJ004388
ЭКБ идентификаторы
116102
Редакция идентификаторы
116102_647948
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:22

0 Іле ауданының коммуналдық

меншігіне келіп түскен, қараусыз
қалған жануарларды келіп түсу
және пайдалану қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына сәйкес, Іле ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Құматаев Нұрлан Орынбасарұлына жүктелсін.

3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Іле ауданы әкімдігінің

2017 жылғы «06» қарашадағы
№ 346 қаулысына қосымша
Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.

2 2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар Іле ауданының коммуналдық меншігіне түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.

2 2. Жануарлардың Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсу тәртібі

3

3. Қараусыз қалған жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке келіп түсуі қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-беру актісінде аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау-беру актісі қараусыз қалған жануарларды беретін адамның, тиісті кент, ауылдық округ әкімінің, «Іле ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және «Іле ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады.

4 4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру

5

5. Іле ауданының коммуналдық меншігіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды Іле ауданының коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы бөлiмi жүзеге асырады.

6 6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды аудан әкімдігінің қаулысы негізінде тиiстi әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау-тапсыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.

4 4. Іле ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі

7 7. Іле ауданының коммуналдық меншігіне түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:

1 1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;

2 2) аукцион арқылы сату;

3 3) сауда ұйымдары арқылы сату;

4 4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.

8 8. Іле ауданының коммуналдық меншігіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудан әкiмдiгінің қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.

5 5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі

9

9. Жануарлар Іле ауданының коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.

10 10. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды күтімге алуға байланысты шығыстарды жергілікті бюджет кірісіне өтегеннен кейін жүзеге асырылады.

11 11. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен бұрынғы меншік иесіне өтеледі. Бұл ретте жануарларды бағуға байланысты қаржының көлемі шегеріледі.

12 12. Жануарларды қайтару немесе құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен қаржы бөлімі арасында жасалатын шартпен ресімделеді.

6 6. Қорытынды

13 13. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Қолданыстағы