Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Енбекшиказахском районе
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшіқазақ ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 20-5
- Қабылданған күні
- 06.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2020 116106_484581.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17DH004391
- ЭКБ идентификаторы
- 116106
- Редакция идентификаторы
- 116106_484581
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:23
0 Еңбекшіқазақ ауданында
мүгедектер қатарындағы кемтар
балаларды жеке оқыту жоспары
бойынша үйде оқытуға жұмсаған
шығындарын өндіріп алу мөлшерін
және тәртібін айқындау туралы
«Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі – кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) тоқсан сайын сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Еңбекшіқазақ ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүргізеді;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі;
3 3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады:
өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша;
алушының жеке басын куәландыратын құжат;
тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
«Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;
банктегі шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;
4 4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында көрсетілгендей, кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған сәттен бастап бір жылға тағайындалады және көрсетілген кезеңге тоқсан сайын төленеді.
5 5) алғашқы тағайындалған жағдайда оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу өтініш берген күннен бастап төленеді.
6) Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау, сондай-ақ мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі – жәрдемақы) тағайындау туралы ақпарат алу кезінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.