Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 365
- Қабылданған күні
- 16.11.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 08.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.11.2017 116143_264009.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GE003591
- ЭКБ идентификаторы
- 116143
- Редакция идентификаторы
- 116143_264009
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:15
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Aurum Deutschlаnd («Аурум Дойчланд»)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысында орналасқан Қаратас-Майбұлақ іздестіру алаңында пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2021 жылдың 19 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2
2. «Aurum Deutschlаnd («Аурум Дойчланд»)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жер пайдаланушыларына қауымдық сервитут белгілеуден келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.
3 3. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберілуін;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Есполовқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 «Aurum Deutschlаnd («Аурум Дойчланд»)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысында орналасқан Қаратас-Майбұлақ іздестіру алаңында пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2021 жылдың 19 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілеуге берілген жерлер экспликациясы
Қордай ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 16 қарашадағы
№ 365 қаулысына қосымша
«Aurum Deutschlаnd («Аурум Дойчланд»)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысында орналасқан Қаратас-Майбұлақ іздестіру алаңында пайдалы қазбалар қорын анықтау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2021 жылдың 19 маусымына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілеуге берілген жерлер экспликациясы
№
Жер учаскесінің орналасқан жері
Қауымдық сервитут белгіленген жерлер, гектар
Ауыл шаруашылық алқаптары (гектар)
Оның ішінде
Бөгде жер (гектар)
барлығы егістік (гектар)
оның ішінде суармалы егістік (гектар)
көп жылдық екпелер (гектар)
шабындық (гектар)
жайылым (гектар)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
Қарасу ауылдық округі
16645,19
16645,19
2201,52
-
-
348,28
14086,98
8,4
2
Қордай ауылдық округі
4587,94
4587,94
1555,9
-
-
444,01
2464,9945
123,0455
3
Ноғайбай ауылдық округі
3268,03
3268,03
579,03
-
-
-
2686,11
2,89
Барлығы:
24501,16
24501,16
4366,45
-
792,29
19238,0845
134,3355