Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность на территории Исатайского района

Ереже · № 115-VI · қабылданған 03.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116151/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность на территории Исатайского района Күшін жойған Ереже ·№ 115-VI ·03.11.2017
06.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность на территории Исатайского района

Күшін жойған Ереже ·№ 115-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность на территории Исатайского района
Атауы (қаз.)
Исатай ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
115-VI
Қабылданған күні
03.11.2017
Көрсетілген редакция
06.12.2021 116151_549165.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17TD003988
ЭКБ идентификаторы
116151
Редакция идентификаторы
116151_549165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:24

0 Исатай ауданы аумағында сот

шешімімен коммуналдық меншікке
түскен болып танылған иесіз
қалдықтарды басқару қағидаларын
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының
2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының
3) тармақшасына сәйкес, Исатай аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Исатай ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет, қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасына (А.Рахметов) жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Исатай аудандық

мәслихатының 2017 жылғы
3 қарашадағы №115-VI
шешіміне қосымша
Исатай ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Исатай ауданы аумағында сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі–Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды ( бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртібін анықтайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Исатай ауданы тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану қағидаларына» сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс істеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы