Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование ставок вознаграждения при кредитовании, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования»

Қаулы · № 336/6 · қабылданған 01.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116236/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование ставок вознаграждения при кредитовании, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования» Күшін жойған Қаулы ·№ 336/6 ·01.11.2017
25.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование ставок вознаграждения при кредитовании, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 336/6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование ставок вознаграждения при кредитовании, а также лизинге на приобретение сельскохозяйственных животных, техники и технологического оборудования»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
336/6
Қабылданған күні
01.11.2017
Көрсетілген редакция
25.12.2020 116236_503013.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17P0005691
ЭКБ идентификаторы
116236
Редакция идентификаторы
116236_503013
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:26

0 «Ауыл шаруашылығы малын,

техниканы және технологиялық
жабдықты сатып алуға кредит беру,
сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы 1 қарашадағы
№ 336/6 қаулысымен
бекітілді
«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).

3

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 229 бұйрығымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық. Көрсетілетін қызметті алушыға субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында Стандарттың 1 және 2 – қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық пошта мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі «жеке кабинетке» жолданады.

2 2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс – қимылды) бастау үшін негіз порталға Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының және қаржы институтының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидиялау шартын жасасуға ұсыныс (бұдан әрі – ұсыныс) беру болып табылады.

Субсидиялау шартын жасасуға арналған ұсыныстың қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны және оның орындалу ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркейді, ұсыныс бойынша шешімді тексеруді, қабылдауды, ресімдеуді жүзеге асырады;

ұсыныс мақұлданған және Стандарттың 9-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмыс органы мен қаржы институты арасында шарт жасасады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
сәйкес келмеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі – 2 (екі) жұмыс күні;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ұсынысқа қол қояды – 30 (отыз) минут;

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы мақұлданған ұсынысты қаржы институтына жолдайды – 30 (отыз) минут;

4 4) қаржы институты веб-порталда қаржы институтының және жұмыс органының ЭЦҚ қол қоятын қарыз алушыны субсидиялау кестесін қалыптастырады, сондай-ақ ЭЦҚ бар веб – порталда субсидиялауға өтінімді қалыптастырады – 4 (төрт) жұмыс күні;

5 5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы тиісті хабарламаны ЭЦҚ пайдаланып, қол қою арқылы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдағанын растайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

6 6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы төлем тапсырмасына қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні;

7 7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы төлем тапсырмасын тиесілі субсидияларды аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлеуге жібереді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді – 1 (бір) жұмыс күні.

6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1 1) ұсыныс бойынша шешімді тіркеу, тексеруді, жүзеге асыру, қабылдау, ресімдеу, шарт жасасу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап беру;

2 2) ұсынысқа қол қою;

3 3) мақұлданған ұсынысты қаржы институтына жіберу;

4 4) веб-порталда қарыз алушыны субсидиялау кестесін және субсидиялауға өтінімді қалыптастыру;

5 5) төлем тапсырмасына қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жіберу;

6 6) төлем тапсырмасына қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жолдау;

7 7) төлем тапсырмасын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне жіберу және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3 3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) қаржы институты.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметшілер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

4 4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

9 9. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілмейді.

10 10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау:

көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) және (немесе) бизнес сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ парольдің көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталға ЖСН және (немесе) БСН мен парольді енгізу (авторизация процесі);
1-шарт – ЖСН және (немесе) БСН мен пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын порталда тексеру;
2-процесс – порталда көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен формат талаптарын ескере отырып, нысанды толтыру (деректерді енгізу), сұрау нысанына қажетті құжаттар топтамасының электрондық түрдегі көшірмелерін бекіту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сұрауда көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН және (немесе) БСН арасындағы) сәйкестігін тексеру;
4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметтен уәжді бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжат топтамасын (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) көрсетілетін қызметті берушінің сұрауды өңдеуі үшін «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы «электрондық үкімет» өңірлік шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ЭҮӨШ АЖО) жолдау;
3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болып табылатын ұсынылған құжаттарды зерделеу;
6-процесс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасында бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (электрондық құжат нысанындағы хабарлама) алуы.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға субсидияны тағайындау/тағайындаудан бас тарту туралы шешімі бар хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес диаграммада келтірілген.

11 11. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібін және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігін сипаттау осы регламенттің 3-қосымшасында көрсетіледі.

38 Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау

«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы
және технологиялық жабдықты сатып алуға
кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау
Іс-қи­мыл про­це­сі
Іс-қи­мыл­дың (жұ­мыс ба­ры­сы­ның, ағы­ны­ның) №
1
2
3
4
5
6
7
1
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­нің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
Қар­жы ин­сти­ту­ты
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны
2
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және оны си­паттау
Ұсы­ны­сты суб­си­ди­я­ла­удың ақ­па­рат­тық жүй­е­сін­де тір­кеу, ұсы­ныс бой­ын­ша ше­шім­ді тек­се­ру­ді, қа­был­да­уды, ре­сім­де­уді жү­зе­ге асы­ра­ды;
ұсы­ныс ма­құл­дан­ған және Стан­дарт­тың 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ген жағ­дай­да, жұ­мыс ор­га­ны мен қар­жы ин­сти­ту­ты ара­сын­да шарт жа­са­су және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға жол­дау; сәй­кес кел­ме­ген жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға Стан­дарт­тың 10-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы уәжді жа­у­ап жі­бе­ру
Ұсы­ны­сқа қол қою
Ма­құл­дан­ған ұсы­ны­сты қар­жы ин­сти­ту­ты­на жі­бе­ру
Веб-пор­тал­да қар­жы ин­сти­ту­ты­ның және жұ­мыс ор­га­ны­ның ЭЦҚ-мен қол қой­ы­ла­тын қарыз алушы­ны суб­си­ди­я­лау кесте­сін қа­лып­та­сты­ру, сон­дай-ақ ЭЦҚ-мен веб-пор­тал­да суб­си­ди­я­ла­у­ға өті­нім­ді қа­лып­та­сты­ру
Ти­іс­ті ха­бар­ла­ма­ны ЭЦҚ пай­да­ла­на оты­рып, қол қою ар­қы­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның өті­ні­мін қа­был­да­уды рас­тау
Тө­лем тап­сыр­ма­сы­на қол қою
Ти­е­сі­лі суб­си­ди­я­лар­ды ауда­ру үшін тө­лем тап­сыр­ма­сын аумақ­тық қа­зы­на­шы­лық бө­лім­ше­сіне жі­бе­ру және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жі­бе­ру
3
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға жол­дау
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны­на жол­дау
Ма­құл­дан­ған ұсы­ны­сты қар­жы ин­сти­ту­ты­на жі­бе­ру
Веб-пор­тал­да қарыз алушы­ны суб­си­ди­я­лау кесте­сін және суб­си­ди­я­ла­у­ға өті­нім­ді қа­лып­та­сты­ру
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на қол қо­ю­ға жол­дау
Тө­лем тап­сыр­ма­сын көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны­на жол­дау
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
4
Орын­дау мер­зім­де­рі
2 (екі) жұ­мыс кү­ні
30 (отыз) ми­нут
30 (отыз) ми­нут
4 (төрт) жұ­мыс кү­ні
1 (бір) жұ­мыс кү­ні
1 (бір) жұ­мыс кү­ні
1 (бір) жұ­мыс кү­ні
10 (он) жұ­мыс кү­ні

39 Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы

«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы
және технологиялық жабдықты сатып алуға
кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде іске қосылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының диаграммасы
Шартты белгілер мен қысқартулар:

40 «Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы
және технологиялық жабдықты сатып
алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде
сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша
«Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:

Қолданыстағы