Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Аральского районного маслихата» и его описания

Ереже · № 112 · қабылданған 08.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116247/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Аральского районного маслихата» и его описания Күшін жойған Ереже ·№ 112 ·08.11.2017
07.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Аральского районного маслихата» и его описания

Күшін жойған Ереже ·№ 112 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения «Аппарат Аральского районного маслихата» и его описания
Атауы (қаз.)
«Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
112
Қабылданған күні
08.11.2017
Көрсетілген редакция
07.08.2020 116247_476771.kaz
Соңғы өзгеріс
07.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LC006040
ЭКБ идентификаторы
116247
Редакция идентификаторы
116247_476771
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:21

0 «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің №1,2 қосымшаларына сәйкес «Арал аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін есепке алу журналы және сипаттамасы бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Арал аудандық мәслихатының

2017 жылғы «8» қарашада
№112 шешімімен бекітілген
"Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтiк куәлiгін беру Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтiк куәлiгін беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң (бұдан әрі – мәслихат аппараты) қызметтiк куәлiктерін беру тәртiбiн айқындайды.

2 2. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiсінің қызметтiк куәлiгi (бұдан әрi – қызметтiк куәлiк) оның мемлекеттiк лауазымы мен лауазымдық өкiлеттiктерiн растайтын құжат болып табылады.

3 3. Тиiсiнше ресiмделмеген, жарамдылық мерзiмi өткен, түзетiлген және тазартылған қызметтік куәлiк жарамсыз болып саналады.

2 2. Қызметтiк куәлiктi беру тәртiбi

4 4. Қызметтiк куәлiктер мәслихат аппараты "Б" корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерiне (бұдан әрі-қызметшілер) Арал аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып, беріледі.

5 5. Қызметтiк куәлiктер қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, куәлiктiң қолдану мерзiмi өткенде, жоғалғанда, сондай-ақ бүлiнген жағдайда берiледi.

6 6. Қызметшілер қызметтiк куәлiкті алу барысында осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәслихат аппаратының қызметшілеріне қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі - есепке алу журналы).

7 7. Қызметтік куәліктер мен есепке алу журналы персоналды басқару қызметінің міндетін атқару жүктелген тұлғаның (бұдан әрі - кадр қызметi) сейфiнде сақталады.

Қызметкерлер жаңа қызметтік куәлік ресімдеу және алу үшін өздерінің 2,5х3,5 сантиметр көлемдегі 2 дана түрлі түсті фотосуретін кадр қызметіне

тапсырады. Бір фотосурет қызметтік куәлікке жапсырылады, екінші фотосурет есепке алу журналына жапсырылады.
Мемлекеттiк қызметке алғаш қабылданған қызметшiге қызметтiк куәлiктi тапсырған кезде оны пайдалану және оны сақтау тәртiбi бойынша түсiндiру жүргiзiледi.

8 8. Қызметтiк куәлiктi ауыстыру кезiнде бұрын берiлген қызметтiк куәлiкті жоғалту жағдайын қоспағанда, кадр қызметiне қайтарылуға жатады.

9 9. Қызметтік куәлігі жоғалған немесе бүлінген жағдайда, қызметші дереу кадр қызметіне жазбаша түрде (еркін нысанда) хабарлайды және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлама орналастырады.

10 10. Кадр қызметі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметтiк куәлiктердiң есептiк деректерге сәйкестiгiне салыстырып тексеру жүргiзедi.

11 11. Қызметтiк куәлiктерді толтыру, ресiмдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртiбiн жалпы бақылауды кадр қызметі жүзеге асырады.

12

12. Қызметтiк куәлiктi жоғалтудың, бүлдiрудiң, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудiң немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбiр фактiсi бойынша кадр қызметі қызметтiк тексеру туралы бұйрық шыққан күннен бастап он күнтiзбелiк мерзiмде қызметтiк тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша мәслихат аппаратының тәртiптiк комиссиясы кiнәлiлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы мәселенi қарайды.

13 13. Жоғалған қызметтiк куәлiктер бұқаралық ақпарат құралдарына арқылы жарамсыз деп жарияланады. Бұл туралы кадр қызметі хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтiк куәлiктi қызметтiк тексеру жүргiзiлгеннен кейiн кадр қызметі бередi.

14 14. Жұмыстан босатылған кезде қызметші қызметтiк куәлiктi кадр қызметіне тапсырады.

15 15. Қызметтік куәлiктi тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты тұлғаның қолы қойылады.

16 16. Бүлiнген немесе қызметшінің жұмыстан босаған кезде тапсырған қызметтiк куәлiктер еркiн нысандағы тиiстi жою туралы акт жасала отырып, бiр жылда бiр рет жойылуға жатады.

23 Арал аудандық мәслихатының

2017 жылғы «8» қарашадағы
№112 шешіміне №1 қосымша
"Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтiк куәлiгін есепке алу журналы
нысан

Фо­то
су­рет
Қыз­мет­тiк ку­әлiк­тiң нө­мiрi
Те­гi, аты, әке­сі­нің аты
(бар болған жағ­дай­да)
Ат­қа­ра­тын ла­у­а­зы­мы
Берiл­ген күнi
Ал­ға­ны жөнiн­де же­ке қо­лы
Қыз­мет­тiк ку­әлiк­тi ауы­сты­руы және тап­сыр­ға­ны, (та­ғай­ын­да­луы, ла­у­а­зы­мы­ның өзге­руi, мерзi­мiнiң өтуi, жұ­мыстан боса­ты­луы, жо­ға­луы) ту­ра­лы­бел­гi
Қыз­мет­тiк ку­әлiк­тi жою (ак­тiнiң нө­мiрi­мен күнi)
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Ескертпе: есепке алу журналы тiгiлiп, нөмiрленiп, кадр қызметі қызметкерінің қолы мен және мөр мен расталады.

24 Арал аудандық мәслихатының

2017 жылғы «8» қарашадағы
№112 шешіміне №2 қосымша
"Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметтiк куәлiгінің сипаттамасы

1 1. Қызметтік куәлiктiң мұқабасы көк түсті, ішбетінің көлемi 6,2х8,8 сантиметр, экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болады.

2 2. Қызметтік куәлiктiң сыртқы бетiнiң ортасында алтын түстi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасының бейнесi орналасқан, одан төмен "КУӘЛIК", "УДОСТОВЕРЕНИЕ" деген типографиялық қарiппен жазба жазылады.

3 3. Қызметтік куәлiктiң iшкi бөлігі ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып, көк түсті қорғаныштық тангир бейнеленген.

4 4.  Жоғарғы бөлігінде сол жағында "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі, оң жағында государственное учреждение "Аппарат Аральского районного маслихата" деген жазулар орналасқан.

5 5. Сол жағында: көлемі 2,5х3,5 сантиметр фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі түсті), қызметтік куәліктің номері, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, тиісті басшының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған - қазақ тіліндегі мәтін.

6 6. Оң жағында: көлемі 2,5х3,5 сантиметр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, оның төменгі жағында көк түсті "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазу. Ортасында қызметтік куәліктің нөмірі, қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы - орыс тіліндегі мәтін.

Төменгі жағында қызметтік куәліктің берілген күні және жарамдылық мерзімі (үш жыл мерзімге беріледі) - орыс тіліндегі мәтін көрсетіледі.

Қолданыстағы