О наименовании и переименовании некоторых населенных пунктов и составных частей населенных пунктов Карагандинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О наименовании и переименовании некоторых населенных пунктов и составных частей населенных пунктов Карагандинской области
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының кейбір елді мекендері мен елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 68/02
- Қабылданған күні
- 31.10.2017
- Көрсетілген редакция
- 31.10.2017 116290_259272.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.10.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17K0004455
- ЭКБ идентификаторы
- 116290
- Редакция идентификаторы
- 116290_259272
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:26
0 Қарағанды облысының кейбір
елді мекендері мен елді мекендердің
құрамдас бөліктеріне атау беру және
қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 4 шілдедегі, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы және 2017 жылғы 4 шілдедегі қорытындылары негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Нұра ауданының келесі елді мекендері:
Щербаковское ауылы – Қайнар ауылы;
Киевка кенті – Нұра кенті деп қайта аталсын.
2 2. Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің Дальнее ауылы – Аманқоңыр ауылы деп қайта аталсын.
3 3. Сәтбаев қаласының жаңа 6-шы шағын ауданы – Нұрлы мекен шағын ауданы деп аталсын.
4 4. Приозерск қаласындағы Центральная көшесі – Тәуелсіздік көшесі;
Приозерск қаласындағы Пионерская көшесі – Ақмамық көшесі;
Приозерск қаласындағы Нагорная көшесі – Көкжиек көшесі;
Приозерск қаласындағы Приморская көшесі – Бәйтерек көшесі;
Приозерск қаласындағы Приозерная көшесі – Көктеңіз көшесі;
Приозерск қаласындағы Новая көшесі – Қоржынтүбек көшесі;
Приозерск қаласындағы Песчанная көшесі – Наурыз көшесі;
Приозерск қаласындағы Совет Армиясы бульвары – Жеңіс бульвары деп қайта аталсын.
5
5. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына (С.М.Әдекенов) жүктелсін.