О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Абайского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Абайского района
- Атауы (қаз.)
- Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 45/02
- Қабылданған күні
- 08.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 08.11.2017 116294_259213.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17KI004454
- ЭКБ идентификаторы
- 116294
- Редакция идентификаторы
- 116294_259213
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:20
0 Абай ауданы әкімдігінің
кейбір қаулыларының
күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы К.Б. Кабдуалиеваға жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
4 2017 жылғы «08» қараша
№ 45/02
Абай ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша
1
1. Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 24/01 «Юбилейное селосының Майбұрнақ қыстағы аумағында орналасқан «Ата» шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2677 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 шілдедегі № 28 «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 17 шілдеде жарияланған).
2
2. Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 09/01 «Сәрепті селосы Қойбас елді мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2589 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуіріндегі № 16 «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 23 сәуірінде жарияланған).
3
3. Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 19/02 «Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы № 44 «Абай-Ақиқат» аудандық газетінде жарияланған).