Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 200
- Қабылданған күні
- 31.10.2017
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.05.2019 116308_415241.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.05.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GI003598
- ЭКБ идентификаторы
- 116308
- Редакция идентификаторы
- 116308_415241
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:28
0 Мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27-баптарына сәйкес Сарысу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2 2. «Сарысу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Сарысу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 28 наурыздағы №60 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 21 сәуіріндегі №3399 болып тіркелген, Сарысу аудандық «Сарысу» газетінің 2017 жылғы 13 мамырдағы № 40-41 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Д.Асановаға жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Сарысу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 200 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленген ұйымдардың тізбесі
Р/с
Ұйымның
атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны
(адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің орташа тізімдік санынан пайызы)
Ауыр жұмыстағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде бөлінген квота саны
(адам)
1
2
3
4
5
1.
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Болашақ балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
76
2%
1
2.
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Б.Қашқынбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
98
2%
2
3
«Сарысу ауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жаңатас-Су-Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
50
2%
1
4
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ш. Уәлиханов атындағы мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
161
3%
5
5
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің М. Әуезов атындағы мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
140
3%
4
6
«Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
99
2%
2
7
«Сарысу ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
100
3%
3
8
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Балалар-жасөспірімдер орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
77
2%
1
9
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны
170
3 %
5
10
«Сарысу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Абай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
73
2 %
1
Барлығы
1044
25