Об установлении ограничительных мероприятий
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий
- Атауы (қаз.)
- Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4659
- Қабылданған күні
- 09.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2018 116331_330129.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17VA005289
- ЭКБ идентификаторы
- 116331
- Редакция идентификаторы
- 116331_330129
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:20
0 Шектеу іс-шараларын
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес және Өскемен қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 10 тамыздағы № 01-09/546 ұсынымының негізінде Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Самсоновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай учаскеде орналасқан «Жарболды» шаруа қожалығының аумағында ірі-қара малдың бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2 2. «Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2
2) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» ресми түрде жария етуді және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкісіне қосуды;