Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Аккайынского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Аккайынского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15-6
- Қабылданған күні
- 17.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 07.07.2021 116341_530852.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SB004387
- ЭКБ идентификаторы
- 116341
- Редакция идентификаторы
- 116341_530852
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:15
0 Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Солтүстік Қазақстан облысы
Аққайың ауданы мәслихатының
2017 жылғы 17 қарашадағы
№ 15-6 шешімімен
бекітілді
Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының коммуналдық меншігіне түсті деп танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiгіне түсті деп танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкімдігі (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында қызмет атқаруға жергiлiктi атқарушы орган уәкілеттілік берген және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.
5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.