Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19-3
- Қабылданған күні
- 17.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 16.06.2023 116347_641773.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17GC003605
- ЭКБ идентификаторы
- 116347
- Редакция идентификаторы
- 116347_641773
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:15
0 Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару
Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихаттың әкімшілік аумақтық құрылыс, жер, халықтың денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді, ана мен баланы қорғау және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
Жамбыл аудандық мәслихатының
2017 жылғы 17 қарашадағы
№ 19- 3 шешімімен бекітілген
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз
қалдықтарды басқару қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің
20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі- Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болып (бұдан әрі – бөлім) белгіленеді.
5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қағидаларына сәйкес атқарылады.