Құжат мәтініне өту

О предоставлении гражданам Северо-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Өзге акт · № 16/6 · қабылданған 14.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116352/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О предоставлении гражданам Северо-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/6 ·14.11.2017
07.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении гражданам Северо-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16/6 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении гражданам Северо-Казахстанской области бесплатного проезда за пределы населенного пункта на лечение за счет бюджетных средств
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына бюджет қаражаты есебінен елді мекеннен тыс жерлерде емделуге ақысыз жол жүруді ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/6
Қабылданған күні
14.11.2017
Көрсетілген редакция
07.10.2020 116352_486229.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17S0004385
ЭКБ идентификаторы
116352
Редакция идентификаторы
116352_486229
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:17

0 Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына бюджет қаражаты есебінен елді мекеннен тыс жерлерде емделуге ақысыз жол жүруді ұсыну туралы

«Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Медициналық көрсетілімдер бойынша жергілікті бюджет есебінен жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтер қолданылып, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арнайы комиссиясы берген белгіленген үлгідегі жолдама болса, емделуге жолданған Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына, сондай-ақ медициналық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының хаттамасында еріп бару жөнінде ұсыныс болса, пациентпен еріп баратын тұлғаға (бір адамнан артық емес) елді мекеннен тыс тегін жол жүру ұсынылсын.

2 2. Медициналық көрсетілімдер бойынша елді мекеннен тыс емделуге жолданған пациенттерге және олармен еріп баратын тұлғаларға (бір адамнан артық емес) мына төлемдер жасалады:

1 1) темір жол және қала аралық автомобиль көлігімен жол жүргенде жолақының құны (екі жаққа);

2 2) әуе көлігімен ұшқанда және темір жол көлігімен (ұйықтайтын вагон) жол жүргенде темір жол көлігінің жедел пойызының купе вагоны билетінің құнынан аспайтын көлемде жолақының құны ішінара өтеледі.

3

3. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі растайтын құжаттарды (билеттер, жолдаманың көшірмелері, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірмелері) ұсынған кезде пациенттердің және олармен еріп барған тұлғалардың жол жүру құнына ақы төлесін.

4

4. «Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарына облыстан тысқары емделуге бюджет қаражаты есебінен ақысыз жол жүруді ұсыну туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 40/9 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3563 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 қаңтар «Солтүстік Қазақстан» және «Северный Казахстан» газеттерінде жарияланды) күшін жойсын.

5 5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы