Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жамбылского района Северо-Казахстанской области

Ереже · № 16/2 · қабылданған 20.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116396/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жамбылского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 16/2 ·20.11.2017
24.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жамбылского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 16/2 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Жамбылского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16/2
Қабылданған күні
20.11.2017
Көрсетілген редакция
24.11.2021 116396_548226.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17SG004394
ЭКБ идентификаторы
116396
Редакция идентификаторы
116396_548226
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:14

0 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1- бабының 3) тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

3 Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы мәслихатының
2017 жылғы «20» қарашадағы
№ 16/2 шешімімен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқару Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырылады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы органмен мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде тұрғын коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және жергілікті бюджеттен қаржыланатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі белгіленеді.

5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы