Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах защиты государственных секретов Республики Казахстан

Қаулы · № 793 · қабылданған 29.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116419/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О некоторых вопросах защиты государственных секретов Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 793 ·29.11.2017
29.11.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах защиты государственных секретов Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 793 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах защиты государственных секретов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
793
Қабылданған күні
29.11.2017
Көрсетілген редакция
29.11.2017 116419_262092.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1700000793
ЭКБ идентификаторы
116419
Редакция идентификаторы
116419_262092
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:04

0 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғаудың

кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мыналар:

1 1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

2

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

3 3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Алмас» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын.

2 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген қайта аталатын мемлекеттік мекемелерге және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):

1 1) осы қаулының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің жарғыларын бекітуді;

2 2) осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекітуге енгізуді;

3 3) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік мекемелердің және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін;

4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4 4. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 327-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 564 бірлік санында бекітілсін.»;

1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ережеде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi – Кеңсе) мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiрудi, бақылау функцияларын және заңнамада әрi осы Ережеде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Кеңсенің миссиясы: Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету.»;
10-1-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын;
11-тармақта:
29), 30), 30-1) және 30-2) тармақшалар алып тасталсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«31) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметi» республикалық мемлекеттiк мекемесiне қатысты уәкілеттi органның;»;
12-тармақтың 20), 21) және 23) тармақшалары алып тасталсын;
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
1, 3 және 4-тармақтар алып тасталсын.

2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің адам санын ескере отырып штат санының лимиті осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

5 5. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2017 жылғы 29 қарашадағы
№ 793 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 993 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің
оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекеменің адам санын
ескере отырып штат санының лимиті
Атауы
Штат санының лимиті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемені ескере отырып, оның ішінде:
564
Қазақстан Республикасының мемлекетті фельдъегерлік қызметі:
307

Қолданыстағы