О Регламенте районного Маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Регламенте районного Маслихата
- Атауы (қаз.)
- Аудандық Мәслихаттың Регламенті туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11
- Қабылданған күні
- 16.01.2002
- Көрсетілген редакция
- 08.05.2013 AI11643_24.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.05.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000357_
- ЭКБ идентификаторы
- 11643
- Редакция идентификаторы
- AI11643_24
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:20
0 Аудандық Мәслихаттың Регламенті туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды – Қарағанды облысы Бұқар Жырау аудандық мәслихатының 39 сессиясының 2007.06.21 N 8 шешімімен.
Аудандық Мәслихат шешім қабылдады:
1 1. Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаты Регламенті бекітілсін.
1 БҰҚАР-ЖЫРАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ
Бұқар-Жырау ауданының
Мәслихатының XVII сессияның
2002 ж. қантардағы №11
шешіміне №1 ҚОСЫМША
БҰҚАР-ЖЫРАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ РЕГЛАМЕНТІ
📌 Ескерту. Тараулар нөмірленген рим цифрлары тиісті үлгімен жазылған араб цифрларымен ауыстырылсын – Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық мәслихатының 2004.05.21 N 4 шешімімен.
1 1 тарау ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
1 1. Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаты сайланбалы орган, оны аудан халқы сайлайды, Қазақстан Республикасы заңына сәйкес халықтың талап-тілектерін ескеріп, лайықты шараларды айқындап отырады. Заңның насихатталып, орындалуына бакылау жүргізеді.
2 2. Бұқар-Жырау аудандық Мәслихатының қызметі меп өкелеттігі 4 жылға кесімді.
Осы мерзім өткеннен кейін аудандық Мәслихат жаңадан шақырылған 3-ші сессия басталғанша заңды қызметі мен өкілетгігін сақтай тұрады.
3 3. Аудандық Мәслихаттың кызметі Қазақстан Республикасы заңымен анықталады және Бұқар-Жырау аудандық Мәслихаты Регламентімен, шығарылған шешімдермен жүргізіледі.
4 4. Аудандық Мәслихаттың қызметі сауалдарды ұжымдык еркін талдауға, жариялылық, жауапкершілік, есеп беру негізінде-органдарда, ал сайлау, қызметке тағайындау, заңдастыру, азаматтарды мемлекеттік және коғамдық негіздегі жұмыска тартуда коғамдық пікірталас туғызады.
5 5. Аудандық Мәслихат депутатына өзінің құқықтары мен міндетін атқаруға жағдай туғызылады. Азшылықтағы депутаттарға аудандық Мәслихат сессиясы сауалдардың орындалуы барысынан ой айтуға кепілдік береді.
2 2 тарау АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНА ӘЗІРЛЕНУ ЖӘНЕ СЕССИЯНЫ ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ
6 6. Аудандық Мәслихат сессиясы жалпы отырыс, тұрақты комиссия отырыстары, пленарлык комиссия отырыстары нысанынан құралады.
Жаңадан құрылған аудандық Мәслихат сессиясын шақыруды Қазақстан Республикасы заңымен кесімді мерзімде аудандық сайлау комиссиясының төрағасы жүргізеді.
7 7. Аудандық Мәслихат І-ші сессиясына әзірлік барысында Мәслихат хатшысы 7 күнтізбелік күн бұрын аудандық Мәслихат депутаттарының отырысын өткізеді.
Отырыста аудандық Мәслихат хатшысы депутаттардаң ұсыныстар қабылдайды. Тұрақты комиссия құрамы туралы, комиссия құрамына қабылдау өтініштері туралы мәлімдейді. Аудандық Мәслихаттың 1-ші сессияның жүргізу тәртібі мен күн тәртібімен депутаттарды қамтамасыз етеді.
8 8. Аудандық Мәслихаттың кезекті сессиясын шақыру қажет деп табылса сессия төрағасы шақырады, бір жылға осылай 4 мәрте шақыруға болады.
Аудандық Мәслихаттың кезектеп тыс сессиясын шақыру сайланған депутаттардың жалпы санының 3 үлесінен кем емес депутаттармен аудан әкімінің 5 күн бұрын айтқан ұсынысымен шақырады.
9 9. Сессияның өткізілетін мерзімі, орны туралы және сессияның күн тәртібінде қаралатын мәселе туралы аудандық Мәслихат хатшысы жергілікті баспасөз арқылы сессия өтерден 10 күн бұрын аудан әкіміне, депутаттарға, халыққа хабарлайды.
Сессияға дейін 5 күн тізбелік күн бұрын, шұғыл шақырылған сессияға 3 күн тізбелік күн бұрын аудан әкімі мен депутаттарға қабылданатын шешім жобаларымен, аудандық Мәслихатта қаралатын басқа да мәсселелер туралы мәліметтер жіберіледі. Бұлай болмаған жағдайда аудандық Мәслихат аппартында олардың өткізілетін сессия жөніндегі мәліметтермен танысуына алдын-ала жағдай туғызылады.
Сессияға қатыса алмайтын депутаттар туралы мәлімет аудандық Мәслихат хатшысына алдын-ала жіберіледі.
10 10. Аудандық Мәслихаттың сессиясына жалпы депутаттардың үштен екісі қатысса сессиясы заңды өткізілді деп табылады.
Әрбір отырыс алдында депутаттар тіркеуі жүргізіледі. Тіркеу нәтижесі отырыс алдында баяндалады.
Депутаттар талабы бойынша кворум тексеру кез-келген уақытта жүргізіледі.
Сессияның І-ші отырысында сессия аудандық Мәслихат құрамындағы депутаттардың саны туралы мәлімет береді.
11 11. І-ші сессия торағасын сайлағанға дейін тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және Мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі қарай Мәслихат ссссиясын Мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.
12 12. Алда болатын кезекті, кезектен тыс өткізілетін сессияларды сессия төрағасы жүргізеді. Отырыс төрағасы аудандық Мәслихат отырысын жүргізеді және жабады. Жарсысөзге жазылғандарға сөз береді, жарыссөзде ұйымдастырады сессия шешімі жобасын дауысқа салады, дауысқа салу нәтіжесін баяндайды.
Сұрак сауал анықтама, өтініш, талап-тілектер, түзету, толықтыруларды ескереді, мәжіліс хаттамасына, аудандық Мәслихат шешіміне қол қояды. Тұрақты комиссия арасындағы жұмысты көрсетуде ақыл-кеңестер ұйымдастырады. Және күн тәртібінде көрсетілгендегідей басқа да әрекеттерді жүргізеді.
13 13. Аудандық Мәслихат депутаттары дауысқа салу арқылы мәжіліс хатшысын сайлайды. Мәжіліс хатшысы хаттама жүргізеді, жарыссөзге жазылу, депутат талантарын, келіп түскен сұрақ, мәлімет, өтініш, толықтыру, мәжіліс шешімі жобасына өзгеріс, толықтыру енгізу, депутаттар мен Мәслихат органы үдеін тіркейді.
Мәжіліс хатшысы аудандық Мәслихат мәжілісі хаттамасын жазады. Хаттамаға мәжіліс торағасы, Мәслихат хатшысы, мәжіліс хатшысы қол қояды.
14 14. Мәслихатта қаралатын сұрақтарды сессия төрағасы, Мәслихат хатшысы, тұрақты және басқа да комиссия, депутаттар, депутат тобы, аудан әкімі ұсынады.
Сессияның күн тәртібіне сессия төрағасына жоғарғы органдардан және басқармадан, мәжіліс, азаматтар құрылтайынан территориялық қоғамдық өзін-өзі баскару, қоғамдық бірлестіктерден ұсыныс өзгеріс енгізе алады.
Сессия төрағасы сессия басталмай тұрып келіп түскен ұсыныстарды және аудандық Мәслихат сессиясының жүргізілу күн тәртібін тұрақты комиссияның талқылауына ұсынады.
Тұракты комиссия ұсынысымен аудандық Мәслихат қаралатын сауалдар мен келіп түскен өзгерістер, шешім жобалары, сессиясының күн тәртібі, сессияның жүргізілу күн тәртібі ұсынылады.
Аудандық Мәслихат енгізген қажетті өзгерістер, сессияның күн тәртібі хатшы бөліміне тапсырылады немесе сессия отырысында ескеріледі. Жазба ұсыныстарды келіп түскен бойда мәжіліс төрағасы оқиды.
Күн тәртібін дауысқа салу әрбір сауалды жеке-жеке дауысқа салу арқылы жүргізіледі. Депутаттардың үштен бірі дауыс алса сессияның күн тәртібі бекітіледі деп саналады.
Күн тәртібін бірден бекіту аудандық Мәслихат депуттары арасында қарсы ешкім болмағанда, бекітілуіне қарсы ешкім ой айтпағанда бекітіледі деп саналады.
Күн тәртібін бекітерде аудандық Мәслихат шешім қабылдайды.
15 15. Аудандық Мәслихат бекітілген жоспар бойынша жұмыс жасайды.
Сессияның күн тәртібіне өзгеріс енгізерде сессия немесе Мәслихат хатшысы аудандық Мәслихатха хабарлайды.
16 16. Мандат комиссиясының міндеті және депутат этикасы аудандық Мәслихат депутаттырын сайлау комиссиясына беріледі.
Аудандық сайлау комиссиясы мәлімдемесін тындай отырып, аудандық Мәслихат депуттатардың өкілеттігін тануға шешім қабылдайды.
Сайлау туралы заң бұзылған округте депутат өкілеттігі танылмайды.
Депутат өкілеттігі шұғыл жағдайда Қазақстан Республикасы заңы негізінде тоқтатылады.
17 17. Депутат өкілеттігі танылғанға дейін аудандық Мәслихат сессиясын күн тәртібі мен хатшысын сайлай алады.
18 18. Аудандық Мәслихат сессиясы және отырысы дауыс беру аркылы ашық өткізіледі. Отырысқа мемлекеттік орган өкілдері, қоғамдық бірлестіктер, мекеме, еңбек ұжымдары, БАҚ журналистері, азаматтар қатыса алады.
Аудандық Мәслихат сессиясына арнайы шакырылған адамдарға мәжіліс залынан арнаулы орын беріледі.
19 19. Аудандық Мәслихат отырысына кеңес беру құқығымен аудан әкімі оның орынбасарлары, аудан прокуроры, округ әкімдері, аудан, территориясында сайланған облыстық Мәслихат депутаттары, Жоғарғы Парламент депутаты қатыса алады.
20 20. Аудандық Мәслихат шешімімен жабық мәжіліс те өткізіледі. Аудан әкімі немесе оның орнын ауыстыратын адам, аудан прокуроры кез-келген /ашық, жабық/ аудандық Мәслихат отырысына қатыса алады.
21 21. Аудандық Мәслихат отырысы екі тілде өткізіледі. Отырыста қай тілде сөйлейтіні жөнінде депутат 5 күн бұрын Мәслихат аппаратына хабарлайды.
22 22. Таңертеңгі отырыс сағат 11.00-13.00 аралығында, 1 сағаттық үзіліспен, ал кешкі отырыс 14.00-19.00 аралығында өткізіледі.
Аудандық Мәслихат шешім шығару арқылы отырыс өткізу мерзімін белгілей алады.
23
23. Баяндау, талқы, қорытынды сөз айтуға арналған сөйлеу уақыты отырыс төрағасымен келісіледі. Баяндама - 45 минут, баяндаманы талқылау - 20 минут, қорытынды сөз 15 минуттан аспауы шарт. Ұзак сөйлеу уақытын аудандық Мәслихат бекітеді. Жарыссөзге - 10 минут, қайыра сөйлеу, отырыс талқысы, кандидат талқысына - 5 минут, отырысты жүргізу тәртібін баяндауға, дауысқа салу, өтініш үшін, сауал, ұсыныс тілек анықтама алу үшін - 3 минут мерзімі тағайындалған.
Отырыс төрағасы депутаттар дауысымен сайлау мерзімін ұзарта алады.
24 24. Жарыссөзге жазылу өтініші жазба түрде отырыс хатшысына беріледі де сөйлеушілер кезегі нөмірленіп, отырыс төрағасына табысталады.
25 25. Аудандық Мәслихат отырысында депутат отырыс төрағасы рұқсатымен сөз бергенде ғана сөйлей алады. Отырыс төрағасы сөзді жазбаша түскен өтінішке қарап береді. Мәслихат келісімімен отырыс төрағасы жарыссөз кезегінде сөйлеу орнын ауыстыра алады.
Жарыссөзге тіркелгендер сөйлеп болған жағдайда отырыс төрағасы ауызша ұсыныс түсірушіге сөз бере алады.
Депутаттың басқа депутатқа өз кезегінде сөз беруге құқығы жоқ.
26. Отырыс кезегіндегі сөзді депутатқа дауыс алған жағдайда сөйлеуші соңынан береді. Отырыс торағасы кезектен тыс анықтама, депутат талабына сұраққа жауап беруге, түсініктеме жасауға кезек бере алады.
Баяндамашыға сұрақ жазбаша немесе ауызша түрде беріледі. Жазбаша сұрақ отырыс төрағасына беріліп, сөз алуға келісімді Мәслихат отырысы береді. Отырыс төрағасымен келісіліп, сөз алған депутатқа сұрақ беріледі.
27 27. Аудандық Мәслихат сессиясында сөз алғандарға дерекі сөйлеуге, мағынасыз еш мәні жоқ бос сөйлеуге, заңға сөйлеуге рұқсат етілмейді.
Мұндай жағдайда отырыс төрағасы ескерту жасап, бұлай сөйлеуге болмайтынын ескертеді.
Екінші ескерту жасалғаннан кейін сөйлеуші сөйлеу құқығынан айырылады.
Егер сөз алған адам уақыт шегінен асып кетсе және басқа мәселені қозғаса отырыс төрағасы оны сойлеу құқынан айырады.
28 28. Аудандық Мәслихат депутаты емес адам отырысқа кедергі келтірсе мәжіліс залынан отырыс төрағасы үштен бір депутаттың алған дауысымен, шығарып жібереді.
29 29. Аудандық Мәслихат шешімімен жарыссөзді тоқтату үштен екі депутат дауысымен шешіледі.
Жарыссөзді шектеу алдында отырыс төрағасы депутаттарға жарыссөзге тіркелгендер саны сөйлегендер санын мәлімдеп, сөйлеуге тиісті болған адамдардыда атай кетеді.
30 30. Сессия шешімі аудандық Мәслихат отырысына ашық дауысқа салумен қабылданады. Жабық дауысқа салу күн тәртібіндегі кез-келген мәселе бойынша жалпы депутаттар саны үштем бір құрамда болса заңды негізде жұмыс кестесінде енгізіледі.
31 31. Ашық дауыс алған кезде дауыс санау депутаттар тобына аудандық Мәслихат шешімімен беріледі.
Ашық дауысқа салмай тұрып отырыс төрағасы қосымша ұсыныс санын көрсетеді. Дауысқа түсушілердің құрылымы дауыс алуына/сайланған депутаттар дауысқа қатысушылар, квалификациялық көп дауыс алғандар шешім қабылдайды.
Ашық дауысқа салу көпшілікпен егер аудандық Мәслихат депутаттарының бірде-бірі қарсы болмаса жүргізіледі.
32 32. Жабық дауыска салу үшін аудандық Мәслихат депутаттар арасынан санақ комиссиясын сайлайды. Сайлауға түсетін кандидат, баяндамашы, баяндаманы талқылаушы, аудандық Мәслихаттың тұрақты және мерзімдік комиссия мүшелері күн тәртібін қорытындылаушы адамдар санақ комиссиясына сайланбайды.
Санақ комиссиясы төрағасы мен хатшысын өз ортасынан сайлайды. Санақ комиссиясы шешімі дауысқа салумен шешіледі.
Дауыс беру орны мен мерзімі, өткізілу тәртібін санақ комиссиясы күн тәртібі бойынша жүргізеді, комиссия төрағасы ол туралы хабарлама жасайды.
Бюллетен тарату дауыс берерден 30 минут бұрын жүргізіледі. Бюллетен санақ комиссиясы бақылауымен дайндалады, тиесілі формасы, саны сақталады.
33 33. Аудандық Мәслихатгын әрбір депутатына бір бюллетенннен беріледі. Депутат бюллетенді сызу арқылы, кандидаттын аты-жөніне қарсы және жақтау дауысын жақтауды дауыс беру арқылы, қарсы шығуды дауыс бермеу арқылы жүргізеді. Ол туралы бюллетенде нұсқау беріледі.
Жарамсыз бюллетен қағазына: формасы бұзылған, бір кандидатқа екі дауыс, шимайланған бюллетендер жатқызылады да дауыс санына кіргізілмейді.
34 34. Жасырын дауысқа салу нәтижесі туралы санақ комиссиясы хаттама толтырады. Хаттамаға барлық санақ комиссиясы мүшелері қол қояды. Санақ комиссиясы баяндаумен аудандық Мәслихат ашық дауысқа салу арқылы жабық дауысқа салу нәтижесін бекітуге шешім қабылдайды.
35 35. Аудандық Мәслихат шешімімен қалыс қалған депутаттын үштен біріне жеке дауысқа салу құқы беріледі. Ол туралы отырыс төрағасы аудандық Мәслихат сессиясына ескертеді.
36 36. Аудандық Мәслихат депутаты дауыс беруге құқылы. Дауысқа қатыспаған депутат күні бұрын немесе кейін дауыс бере алмайды.
37 37. Дауысқа салуда қате кетсе, дауыс санын шатастырса аудандық Мәслихат шешімімен қайыра дауысқа салу жүргізіледі.
38 38. Аудандық Мәслихат депутаттары белгілі сауалды талдау үшін депутат тобына біріге алады.
Тұрақты және мерзімдік топ басқа негіздерге біріге алады. Депутат тобы аудандық Мәслихат қараған мәселелер бойынша пікір алмаса алады.
Депутат тобы саяси партиямен Мәслихат шешімімен тіркеліп 5 тен аз емес топ болып біріге алады, тіркеледі.
39 39. Үштен кем емес депутат тобы аудандық Мәслихат отырысында кепілді сөз алуға депутаттар арасынан дайын материалмен насихат жүргізе алады. 5 тен кем емес депутат тобы сессияда қаралған күн тәртібінін кез-келген мәселесіне өзінін ойын айта алады.
40 40. Аудандық Мәслихатта депутаттардың тұрақты және мерзімдік тобы заңнын 39 тармағындағы құқықты пайдаланып, күн тәртібіне жазбаша түрде өз кұрылымы, құрамы, мақсаты мен міндеті, өкілеттігімен топ атынан сөз ала алады.
Депутат тобына өзгеріс енгізілсе жетекшісі аудандық Мәслихатқа мәлімдейді.
Тұрақты және мерзімдік депутат тобы ұлт араздығын насихаттауға, халықтар бірлігіне нұсқан келтіру, заңды кінәләу, мәслихат шешіміне қарсы келу әрекетіне бара алмайды.
Аудандық Мәслихат мұндай жағдайда депутат тобын заңның 39-шы тармағы құқығын пайдаланудан алыстайды.
3 3 тарау АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ АКТІЛЕРІН ҚАРАУ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ БАСҚА МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ ТӘРТІБІ
41
41. Аудандық Мәслихат өз өкілеттігімен шешім кабылдайды, оның орындалуын қамтамасыз етеді, іс жүзінде жүзеге асуын бақылайды. Мәслихат шешіміне сессия төрағасы, аудандық Мәслихат хатшысы қол қояды. Аудандық Мәслихат шешімі заңмен әйтпесе бекітілген күн тәртібімен көпшіліктін дауыс алуымен депутатттардың ашық дауыс беруімен қабылданады.
Процедуралық сауал қарарлары отырыс депутаттары көпшілігінің дауыс алуымен қабылданады. Егер бұлай қабылданбаса бекітілген заңға сәйкес аудандық Мәслихат отырысы хаттамасына жазылады.
Аудандық Мәслихат отырысы депутаттарының басым дауысымен үндеу, өтініш басқа да талаптарды қабылдай алады.
42 42. Аудандық Мәслихат шешімі жобаларына толықтыруға бұрын қабылданған шеішмді өзгертуге аудандық Мәслихат депутаты, сессия төрағасы, аудандық Мәслихат хатшысы, тұрақты комиссия, депутат тобы, аудан әкімі өзгеріс енгізе алады.
43 43. Шешім жобасы, басқа да күн тәртібінде қаралған мәселе өзгерісі сессия етіп жатқанда отырыс хатшысына, ал сессиядан сессияға дейінгі аралықта сессия төрағасына немесе аудандық Мәслихат хатшысына табысталады.
Егер қабылданған шешім жобасы занға қайшылық келтірсе, облыстық Мәслихат Жоғарғы Парламентке қабылданған шешімге қарсы болса, аудандық Мәслихат шегінен шағып кетсе ешқандай талқылаусыз-ақ қайтарылады.
44 44. Қарауға ұсынылған шешім жобасы немесе ұсыныстар қабылданған соң сессия төрағасына, тұрақты комиссия хатшысына ертерек қарап өзгеріс енгізу толықтыру мақсатында жіберіледі.
Тұрақты комиссияға бір мезгілде шешім қабылдау жобасын әзірлеу, аудандық Мәслихат сессиясында баяндама талқылауды әзірлеу, бақылау жүргізу, қосымша мәлімет жинау жүктеледі.
Шешім жобасын жібере отырып, оны қабылдау барысында алдын-ала талқылау үшін бірнеше сұрақты комиссия, аудандық Мәслихат хатшысы комиссия арасынан жетекші комиссияны анықтайды.
45 45. Қажет болған кезде аудандық Мәслихат хатшысы заңның 44 тармағына сәйкес шешім жобасын аудандық Мәслихат сессияда енгізуде комиссияға немесе органға, аудандық Мәслихат депутаты емес басқа тұлғаларға жүктейді.
Шешім жобасын әзірлеуде тұрақты комиссия өз құрамынан жұмыс тобын құрады. Егер кел тірілген қарау бірнеше комиссияға ұсынылса онда жұмыс тобы солармен бірігеді.
Жұмыс тобы ісі барысында тұрақты комиссиямен тұрақты комиссия құрамында жоқ болса, тұракты комиссия жұмыс тобына кірмесе де қатысады.
46
46. Аудандық Мәслихат тұрақты комиссияларға күні бұрын шешім жобасын талқылау жүктелгенде жұмыс тобы шешім жобасын ғылыми зкспертизаға жібереді. Осы бойынша мемлекеттік органнын, кызмет иесінің пікірін алдын ала талдауды сұратады. ІІІешім қабылдау жобасы-енбек ұжымдарында, қоғамдық ұйымдарда, азаматтар жиналысында талқыланады.
Қажет деп табылса Мәслихат шешімімен аудандық Мәслихат шешімі жобасы жергілікті баспасөзде жарияланады. Мұндай кезде талап қабылдау мерзімі көрсетіледі.
47 47. Аудандық Мәслихаттың альтернативті шешімі жобасы тұрақты комиссияда қаралады. Жұмыс тобы, әзірлік комиссиясы бір мезгілде жобаны кабылдауға қатысады. Тұрақты комиссиямен бірлескен отырысты комиссиялар төрағасының біреуі немесе аудандық Мәслихат хатшысы, сессия төрағасы жүргізеді.
48 48. Тұракты комиссия тексеру барысында бір айға токталмаса сессияда алдын-ала талқылау, шешім жобасы қорытындысына тоқталу, әр түрлі ой айтумен ғана шектеледі.
Әр түрлі ой бір тоқтамға келмесе аудандық Мәслихатқа мәлімденеді.
49 49. Сессияның күн тәртібіне енгізілген сауалды қарауды депутаттар тұрақты комиссияның баяндамасын, баяндама талқылауын тындайды. Заңңың 39-шы тармағына сәйкес және мерзімдік комиссияға тұрақты және мерзімдік депутат тобы баяндама ұсынады.
Баяндамашы, баяндаманы талқылаушы депутаттар сауалына жауап береді.
Тұрақты комиссия мүшелері, әзірлік комиссиясы және жұмыс тобы тұрақты комиссияның ойымен келіспесе баяндама талқысы, күн тәртібіндегі шешім жобасын алғашқы талқы басталмай аудандық Мәслихатқа ұсынады. Мұндай құқықты пайдаланып тұрақты комиссия бастапқы комиссия ойымен келіспей сессияда талқылауға ұсынды.
50 50. Аудандық Мәслихат депутаттары баяндама мен тұрақты комиссияның шешім жобасына берген түйінді ойын талқылайды. Қосымша езгеріс енгізу, ескерту арқылы шешім жобасына түзетулер енгізіледі. Жобаны талқылау толықтай немесе жеке-жеке пунктпен жүргізіледі.
Депутаттарға шешім жобасына енгізілген түзетулер жазба күйінде таратылады. Сессия басталмай енгізілген түзетулер тұрақты комиссияға жіберіледі, отырыс кезінде Мәслихат хатшысына жолданады. Түзетулерде нақты түрде кандай тарауға түзету не үшін енгізіледі көрсетіледі.
Шешім жобасына түзетулер талқыланбаса депутаттарға ауызша айтылған шешім жобалары талкыға түседі. Депутаттар өзара талқылайды.
51 51. Альтернативті жазба бар болса негізгі жобамен бірге талқыланады.
52
52. Аудандық Мәслихат талқы біткен соң шешім жобасын өзгерте алады, сонғы нұсқасын ұсына алады, депутаттардың көпшілігі /сайланған/айтқан оймен шешім шығара алады. Шешім жобасын бекітіп, комиссияға тапсырады. Жұмыс тобы мен редакциялық комиссия шешімді қорытындылап, косымша келіп түскен өзігеріс термин сеесияда немесе кезекті сессияда қайыра ұсынады.
Альтернатив жоба бар болса оның біреуін ғана қабылдайды.
Аудандық Мәслихат депутаттары шешім жобасын тұрақты немесе редакциялык комиссияда толықтыруға қатыса алады және қосымша түзетулер, толықтырулар енгізе алады.
Комиссия Аудандық Мәслихатқа өнделген шешімді түзету енгізген жобасымен қоса ұсынады.
54 54. Өңделген шешім жобасы қайырадан аудандық Мәслихат отырысында қаралады.
Баяндама комиссия жобаға қандай толықтытулар енгізілгенін мәлімдейді, жақтау, түзетуден ауытқу туралы баядамашы депутат сауалына жауап береді.
Аудандық Мәслихат шешімімен көп дауыс алғандарға баяндаманы талқылау үшін депутатқа сөз кезегі беріледі.
55 55. Шешім жобасын дауыска салу арқылы түзету үш сатыдан тұрады:
1 1) көп дауыс алған депутаттар шешім жобасын кабылдайды. Егер шешім жобасы бұрын онда өнделген жоба негізге алынады. Шешім жобасынан ауытқу дауысқа салу құқынан айырады;
2 2) дауыска салу шешім жобасынан баска барлык түзетулер салынады. Егер аудандық Мәслихат депутаттарының жартысынан көбі дауыс алса онда түзету қабылданған болып саналады;
3 3) аудандық Мәслихат толық шешімді сессияда бекітілген түзетулермен бірге қабылдайды.
Аудандық Мәслихаттың депутаттарының жартысынан көбі дауыс алған болса шешім қабылданған болып саналады.
Егер шешім жобасы және түзетулер толық дауыс ала алмаса, ол қабылданбаған болып саналады. Мұны қайырадан дауысқа салуға рұксат етілмейді.
Шешім сауалдары ауданның бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселесін козғап, оған шұғыл шешім шығару қажет болса аудандық Мәслихат өз шешімінен комиссия /топ/ құрып, сол сессияда сауалдарды талқылап, шешім жобасы мен түзетулерге депутаттар ойымен дұрыс тоқтамға келуі керек.
Егер құрылған комиссия /топ/ сессия өтіп жатқанда сауалдың шешуін таба алмаса сессияда қосымша өзгерістер қабылданбайды да оны қарау келесі сессияға қалдырылады.
56 56. Әрбір түзетулер жеке-жеке дауысқа салынады. Түзетулерді дауысқа салу ретін сессия төрағасы реттейді.
Алғашқы кезекте басқа түзетулер ауытқулары дауысқа салынады. Егер түзетулерде шешім жобасына бірнеше қосымша ұсыныс түсірілсе әрқайсысы жеке-жеке дауысқа салынады.
Бір мезгілдегі дауысқа салуда бір тараудағы жобадағы бірнеше толық-тыруларға да рұқсат етілмейді.
Дауысқа салмай тұрып сессия төрағасы толықтырулардың бір-бірінен айырмашылығын айтып шығуы керек.
Депутат, орган, қызметкер өзі енгізген толықтыруларын дауысқа салмай тұрып қайтып ала алады.
57 57. Қабылданған шешімге кабылданған сәтінен Мәслихат тарапынан күшіне ену мерзімі тағайындалады.
Аудандық Мәслихат шешімі аудандық Мәслихат аппаратынан және аткарушы ынталы тұлғаға жеткізіліп, кажет болса баспасөзде жарияланады.
Көпшілік талқысына ұсынылатын шешім жобасы баспасөзде жарияланады. Мәслихат шешімі жалпы міндетті қамтып, ведомостволық және құқықтық мәселерді қамтыса, азаматтардың еркіндігі мен міндеттерін айтса әділет Министрлігінде заңды түрде тіркеледі.
4 4 тарау СЕССИЯ ТӨРАҒАСЫ МЕН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ
59 59. Қазақстан Республикасы заңына сәйкес сессия төрағасын Мәслихат өз депутаттары арасынан сайлайды және функциялық алғашқы қоғамдық негіздегі міндеттерін жүктейді.
60 60. Аудандық Мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы алдынғы өткен сессияда Мәслихаттың жұмыс жоспарымен бірге сайланып бекітіледі.
Сессия төрағасын аудандық Мәслихат хатшысы ауыстыра алады.
61 61. Аудандық Мәслихат сессиясының төрағасын сайлауда депутаттардың жартысының көбі дауыс алса сайланған болып саналады.
Егер кажетті дауыс алынбаса, қайыра дауысқа салынбайды.
62 62. Сессия төрағасы мен Мәслихат хатшысы құқықтары мен міндеттерін ҚР «Қазақстан Республикасының жергілікгі мемлекеттік өзін-өзі басқару» заңы бекітеді. Басқа да қызмет актілерін басшылыққа алады.
63 63. Аудандық Мәслихат сессиясы төрағасы:
1 1) аудандық Мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;
2 2) аудандық Мәслихат сессиясына басшылык жасауды жүзеге асырады, сессияның жұмыстарын жүргізеді, күн тәртібін ұсынады, калыптастырады;
3 3) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, Мәслихат регламентінің сакталуын қамтамасыз етеді;
4 4) аудандық Мәслихат шешімдеріне, хаттама, басқа да құжаттарға қол қояды аудандық Мәслихатта бекітілген сессия құжаттарына қол қояды;
5 5) Қазакстан Республикасының «Қазакстан Республикасында жергілікті мемлеттік өзін-өзі басқару туралы» заңына сәйкес Аудандық Мәслихат хатшысы Мәслихатта тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады.
65 65. Аудандық Мәслихат хатшысы Мәслихат сессиясында депутаттардың ашық және жабық дауысқа салуымен сайланылады.
Аудандық Мәслихат хатшысы лауазымына кандидат ұсыну ұсынысы депутаттар мәжілісінде каралып, сессияда талқылауға тапсырылады.
66 66. Аудандық Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатқа сессияға қатысқан депутаттардың жартысынан көбі дауыс берсе кабылданған болып саналады.
Егер кандидат сессияға катыскан депутатардың жалпы санының жартысынан төмен дауыс алса, депутаттар отырыс шешімімен басқа кандидат дауысқа салынады.
67 67. Аудандық Мәслихаттың еркін құрылымы өз өтінішімен жүзеге асырылады.
Егер аудандық Мәслихат қызметтен кетпесе, аудандық Маслихат хатшысы өтініш бергеннен кейінгі екі ай мерзімде қызмет құқын сақтайды.
68 68. Егер өзінің құқын дұрыс пайдаланбаса аудандық Мәслихат хатшысын сессияда жабық дауыспен қызметтен шығару шешімі депутаттардың үштен екісі дауыс алуымен жүзеге асырылады.
69 69. Аудандық Мәслихат хатшысы:
1 1) депутаттарға, аудан әкіміне, халыққа аудандық Мәслихат сессиясының өтетін орны мен мерзімін, күн тәртібінің жобасын ұдайы хабарлап отырады;
2 2) ссесияға әзірлік жұмыстарын, Мәслихатта ұсынылған күн тәртібін жүргізеді сессия хаттамасы мен аудандық Мәслихат шешіміне сессия төрағасымен бірге қол қояды;
3 3) аудандық Мәслихат депутаттарының депутаттық өкілеттігін пайдалануына жәрдемдеседі, оларды қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді, сайлау округтері мен органда депутаттардың қызметінен депутаттығына байланысты босатуын шешеді;
4 4) сессияда депутаттардан келіп түскен сауал ұсыныстардың қаралуын бакылайды;
5 5) аудандық Мәслихат комиссияларына, тобына бағыт береді;
6 6) аудандық Мәслихат құрылымын бекітуге береді, жұмысына басшылык жасайды, қызметкерлерін жүмысқа қабылдап, қызметтен босатады;
7 7) аудандық Мәслихат атынан халықпен байланыста болады, еңбек ұжымдарында мекеме, ұйымдарда болып тұрады;
8 8) аудандық Мәслихатқа сайлаушылардан түскен ұсыныс, хат, тілектермен үнемі таныстырып отырады;
9 9) аудандық Мәслихат шешіміне сәйкес аса маңызды шешім жобаларын талқылауды ұйымдастырады, жергілікті және республикалық деңгейдегі сауалдармен танысып, азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, олардың талаптарын қарастырады, өтініш тілектерімен санасады;
10 10) заңды талап негізінде сайлауды ұйымдастыруды қарайды, депутаттардың шұғыл өкілеттігін тоқтатуы бойынша мәселе көтереді;
11 11) аудандық Мәслихат атынан талап-өтінішке қол қояды, заңда қаралғандай сотқа жолдама береді;
12 12) аудандық Мәслихат жүктеген талаптарды, сауалдарды заңды негізде шешеді.
70 70. Аудандық Мәслихат хатшысы болмаған кезде Мәслихат сессиясы төрағасы өкілімен онын өкілеттігін Мәслихаттары тұрақты комиссия төрағаларының бірі аткара алады.
5 5 тарау АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ УАҚЫТША КОМИССИЯСЬІ, ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ
71 71. Аудандық Мәслихат сессияда депутаттар арасынан кесімді мерзімге тұрақты комиссиясын сайлайды. Тұрақты комиссия үнемі ықпал етуші, Мәслихаттың өкілеттігін қамтушы орган ретінде өзіне тиесілі мәселелерді талқылайды. Тұрақты комиссия аудандық Мәслихатқа бағынышты және есеп беріп отырады.
72 72. Тұрақты комиссия төрағалары мен мүшелерінің ашық дауысқа түсуімен сайланады. Әрбір тұрақты комиссия құрамын, санын аудандық Мәслихат айкындайды.
Мәслихат өкілеттігінде құрам санына өзгеріс енгізе алады, жаңа құрамды сайлайды, бұрынғы құрамды шағындап қайыра құратады.
Тұракты комиссия хатшысы мен төраға орынбасары тұрақты комиссия төрағасының ұсынуымен сайланылады.
73 73. Тұрақты комиссия өз ынтасымен немесе Мәслихат шешімімен талқы ұйымдастыра алады. Ол үшін жұмысшы тобын депутаттар арасынан, депутат емес тобынан құрайды.
Жұмыс тобы халыққа талқы мәліметін хабарлауға, талаппен өтінуге, дерек жинауға құқылы.
Аудан әкімшілігі оның жергілікті әкімшіліктері, тәртіп сақтау органдары, банк, ұйымдар, барлық құрылымдар жұмыс тобына қажетті мәліметпен ешқандай дауыс қамтамасыз етеді.
Комиссия талқыға жекелеген тұлғаны шақырады. Оған кеңесуші дауыс ретінде басқа тұрақты комиссия депутаттары, журналистер, азаматтар қатысады. Талқы қорытындысымен тұракты комиссия шешім қабылдайды.
74 74. Аудандық Мәслихат депутаттары атынан торағалык етуші сессияға тұрақты комиссияны бекітуді ұсынады да ой айтылған сон аудандық Мәслихат депутаттарының дауыс алуымен сайланады.
Осы тәртіппен әрбір тұрақты комиссияға кірген депутаттар саны анықталады.
75 75. Тұракты комиссияның саны мен құрамы бекітілгеннен кейін төраға аудандық Мәслихат депутаттары дауысымен оларды бекітеді.
Тұрақты комиссия құрамы талқылау барысында депутаттар қосымша ұсыныс түсіріп, өтініштерін қайтарып ала алады.
Егер қажет деп табылса тұрақты комиссия құрамы туралы келесі кезекте тыңдау ұсынылады.
Тұрақты комиссия құрамына аудандық Мәслихат хатшысы сайланбайды.
76 76. Тұрақты комиссия мүшелерін жеке-жеке немесе тізіммен дауысқа салады. Әрбір тұрақты комиссия жеке дауысқа салынады. Тізіммен дауысқа салу ешқандай қарсылықсыз және басқа комиссияға ауыстыру кезінде қолданылады.
Егер депутаттардың жалпы-санының көпшілігі дауыс берсе, депутат тұрақты комиссия құрамына енгізілді деп саналады. Егер дауысқа салуда қай депутатқа көп дауыс берілсе депутаттар арасынан қарсыласынан басым дауыспен озған депутат сайланған болып саналады.
77 77. Тұрақты комиссия құрамы жеке-жеке бекітілген соң сессия төрағасы тұрақты комиссия келісімімен сессияда тұрақты комиссия төрағасын бекітуді ұсынады.
Төраға кандидатын талқылау басқа комиссиядан жеке өткізіледі. Сөз алуға комиссия құрамындағы депутаттар хақылы.
Талкыға қатысушылар өз өтінішін қайтып ала алады, басқа комиссия құрамынан кандидат ұсына алады.
78
78. Тұрақты комиссия төрағасына аудандық Мәслихат депутаттарынан көп дауыс алып сайланылады. Егер төрағалыққа екі кандидат ұсынылса немесе заңңың 2-ші тармағындағыдай қайыра дауысқа салумен ешкім дауыс алмаса онда аудандық Мәслихат шешімімен ең көп дауыспен дауысқа түседі. Немесе тұрақты комиссия төрағалығына басқа кандидат ұсынылады да аудандық Мәслихат отырысына қатыскан депутаттардың басым дауысымен айқындалады.
79 79. Тұрақты комиссия құрамына алынғандар аудандық Мәслихаттың ортақ шешімімен қалдырылады.
80 80. Төрағалар мен тұрақты комиссия құқы мерзімінен бұрын олардан түскен өтінішпен тоқтатылады. Аудандық Мәслихат тұрақты комиссиясының ұсынуымен де тоқтатылады.
Егер басқа қызметке ауысса депутат жаңа қызметке бекітілген күннен бастап құрамнан шығарылады.
81 81. Аудандык Мәслихат ашық дауысқа салып депутаттар құрамымен уақытша комиссия тағайындайды. Олардың құрамында төраға мен мүшелері болады. Егер қажет деп табылса уақытша комиссия өз ынтасымен қосымша екі төраға сайлайды.
Комиссия өз қалауымен депутат емес мамандарды, нақты жұмысшыларды жұмысқа тарта алады. Уақытша комиссия келісімімен жұмысқа кеңесшілік дауыспен аудандық Мәслихат депутаттары қатысады.
82 82. Тұрақты комиссия құқын құрылған сәтінен аудандық Мәслихат бекітеді.
Уақытша комиссия аудандық Мәслихатқа тәуелді тек қана онымен есептесіп отырады.
83 83. Тұрақты комиссия шешімі өз кұрамының көп дауыс алуымен қабылданады.
Комиссия өз жұмысы нәтижесі бойынша нақты мәліметтерді аудандық Мәслихатқа баяндайды. Пікірлермен келіспеген комиссия мүшелері өз ойларын сессияда айтуға құқылы. Ол уақытша комиссия талқысы өткеннен кейін іске асырылады.
Комиссияның жасаған баяндамасы бойынша аудандық Мәслихат шешім қабылдайды.
84 84. Аудандық Мәслихат шешімімен уақытша комиссия шешім шығысымен өз құқын тоқтатады.
85 85. Аудандық бюджет орындалысын бақылауды, аткарушы органдардың қаржы шаруашылык есебін, құрылым, ұжым, мекеме бақылауына аудандық Мәслихат тексеру комиссиясын сайлайды.
Комиссия мүшелері санын аудандық Мәслихат анықтайды.
86 86. Тексеру комиссиясы төрағасы депутаттар арасынан сайланады.
Тексеру комиссиясы құрамына депутат емес халықшаруашылығы мамандары кіре алады.
87 87. Тексеру комиссмиясы кез-келген уақытта бір рет өз қалауымен тексеру жүргізеді тексеріс Мәслихат шешімімен, онын хатшысының өтінішімен үштен бір депутаттар талабымен да жүргізіледі. Тексеру комиссиясы қорытындысына аудандық Мәслихат мәлімет түсірілгеннен кейін қосымша ұсыныстар енгізеді.
6 6 тарау АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ БАҚЬІЛАУ ҚҰҚЫҚТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ
88 88. Аудандық Мәслихат хатшысы жылына бір рет аудандық Мәслихат алдында есеп береді.
Аудандық Мәслихат кез-келген уақытта аудандық Мәслихат хатшысы, басқарма орган, құрылымы, жұмысы, қайраткерлігі өкілеттілігі есебін тыңдайды.
89 89. Аудандық Мәслихаттың сессияға түсірген ұсынысын тыңдау сессияға әзірлік барысында қаралады.
Аудандық Мәслихат отырысына енгізілген есепті баяндау тұрақты комиссия кеңес дауысымен аудандық Мәслихат сессиясында дауысқа салынады. Егер депутаттардың үштен бірі дауыс берсе ұсыныс қабылданған болып саналады.
Ұсыныс колдау тапса оның сессияға әзірленіп, қаралу мерзімі дауысқа салынады.
Осы тәртіппен аудандық Мәслихат хатшысына, аудандық Мәслихат бекіткен қызметкерге сенім білдіру ұсыныстары қаралады. Қызметкерге сенім білдіру ұсынысын енгізерде орган қайраткерлігі көпшілігі, есебі міндетгі түрде тындалады.
Мәслихаттың сессия төрағасының, аудандық Мәслихат хатшысының шақыруымен жергілікті ұйым мекеме, ұжым басшылары сессияға міндетті түрде қатысады, депутаттар сауалына жауап береді, мәлімет түсіреді.
Тексеруші орган жауапты қызметкері тексеру қорытындысымен шешім жобасымен тұрақты комиссия жұмысына қатысып мәселе талқысымен танысады.
90 90. Аудандық Мәслихат хатшысы сессия басталмастан 3 күн бұрын депутаттарды аудандык Мәслихат аппаратындағы құжаттармен, шешім жобаларымен таныстырады немесе хатпен жолдайды.
91 91. Ауданның жалпы жағдайы туралы аудан әкімі жылына бір рет аудандық Мәслихатқа баяндама жасайды, өз ұсынысын бекітуге, бюджет жобасын ұсынады, ауданды дамыту бағдарламасымен таныстырады. Аудан әкімінің өкілеттігі туралы әкімнің орынбасарларының біреуі, әкімшіліктің бөлім басшысы мәлімет жасайды.
Есеп тыңдалған сон, тұрақты комиссия мәлімдемесінен кейін сұраққа жауап беру бойынша ұйым басшылары есеп береді. Шешім жобасын талкылауда депутаттар сұрак, коюға, өтініш жасауға, анықтама талап ете алады.
91-1
91-1. Аудандық мәслихат, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының (1 тармағының 1,6 және 7 тармақшалары) 24 бабының ережелерін, сондай-ақ «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қантардағы № 19 Жарлығын басшылыққа ала отырып, кемінде жарты жылда бір рет сессияда аудан әкімінің (оның міндетін орындаушы тұлғаның) өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебін тындайды.
Аудан әкімінің (оның міндетін орындаушы тұлғаның) өзіне жүктелген функциялары мен міндетерін орындау туралы есебі және осы бойынша шешімнің жобасы аудандық мәслихаттың тиісті сессиясының үш апта бұрын аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.
Мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы аудан әкімінің есебі жөніндегі шешім «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 11 бабының 3 тармағы және осы Регламенттің 41 және 92 баптары анықтаған тәртіппен қабылданады.
📌 Ескерту. Регламент 91-1-тармақпен толықтырылды – Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық мәслихатының 2006.07.13 N 7 шешімімен.
92 92. Есеп тындалып болғаннан кейін аудандық Мәслихат шешім қабылдайды. Егер аудан әкімінің жұмысы қанағаттандырылғансыз болып табылса, аудандық Мәслихат оған сенім білдірмейтініне жүйелі шешім қабылдап, оны қызметтен босату туралы мәселе кояды.
Шешім депутаттардың үштен бірінің дауысымен қабылданып, облыс әкімінің қарауына жіберіледі.
Аудан әкімін қызметтен босату әкімшіліктегі басшылық органдарының қызметтен босатуымен бірге атқарылады. Аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына, әкімшілік басқармасына сенім білдірілмесе Мәслихат шешімі аудан әкіміне жолданады.
93 93. Осы тәртіппен ұйым, мекеме басшылары, аудан территориясындағы басшылықтар есебі тыңдалады. Мәлімет соңынан Мәслихат сайланған депутаттар құрамымен қылмысты іс көтеру туралы, ұжым, мекемедегі тәртіпті қарау, басшылықты қызметтен алу туралы ұсынысты бекітеді.
94
94. Аудандық Мәслихат депутаттары, депутаттар тобы, аудандық Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиясы, облыстык Мәслихат және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Парламент депуттатары аудандық Мәслихат хатшысына, аудан әкіміне, бөлім, басқарма басшыларына, баска да мемелекеттік ұйым басшыларына, аудан территориясындағы басқа да мекеме, ұйым басшыларына ұсыныс түсіріп, сессияға қаралған мәселені түсіндіруге, талап койып онын қоғамдык негіздегі мәнін сұрай адады. Сауалдарға сессия жауап қайтарады.
Аудан территориясындағы қаралған басшылык орындар, жоғарғы басшылык мәселелерінің басқа аудандық Мәслихатқа қатысы жоқ.
95 95. Бірнеше депутат атына сауалдар ауызша түскенде депутаттардың фамилиясы сайлау округі нөмірі қоса жазылуы қерек. Бірнеше депутат сауалы хатпен және қол қоюмен расталады.
Аудандық Мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссиясынан түскен жазбасауал төрағаның қол қоюымен қабылданады.
Тұракты комиссия атынан шешім қабылдау сауалы отырыста хаттамаға толтыру арқылы кабылдаңады.
96 96. Сессия басталмай тұрып енгізілген сауалдар аудандық Мәслихат хатшысына ұсынылады да сессияның күн тәртібіне бекітідеді. Оның көшірмесі мемлекеттік органдарға, қызметкерлерге таратылып, мерзімі көрсетіп жауап қайтару мерзімі нұсқалады, сессияда түсірілген сауалдар сессия хатшысына жолданады.
Аудандық Мәслихат келесі караудағы шақырған қызметкерді, мемлекеттік орын өкілін мәселенің сессияда қаралатынын айтып шақыртады.
97 97. Басқа сауалға қатысы жок, аудандық Мәслихатта қаралуға берілген мәселе еркін сауал ретінде енгізіледі немесе сессия соңында қаралады, ол үшін арнайы уакыт бөлінеді.
Аудандық Мәслихат күн тәртібін бекітерде сұрактарға жауап кайтару үшін артық уакытты сактап калады. Осы мақсатта отырыс, арнайы сұрақ қою жауап қайтару жоспарланады. Сұракка жауап қайтаруға әзірленуге 15 минут тағайындалады.
98 98. Басқа сауалдарға қатысты сұрақтар аудандық Мәслихат сессиясында қаралатын болса күн тәртібіне енгізілмей-ақ сессия төрағасы мәселе қаралмай тұрып, дауысқа салады.
Күн тәртібіне қатысты жазбаша сауалдарды қарау мәлімет окығаннан кейінгі талқыдан соң дауысқа салынады.
99
99. Егер сұрак нақты адреске жолданбаса, нақты қызметкерге жолданбаса аудан шегінен шыққан мәселені қамтыса, мемлекттік құпияны ашу талабы болса тексеріс жүргізіліп жатқан ұжымнын қылмысты ісі мәлімет сұралса алынып тасталады. Ондай сауалды алып тастауды аудаңдық Мәслихат сессиясы шешеді. Келесі сессияда қарамауды аудандық Мәслихат хатшысы шешеді.
Аудандық Мәслихат депутаттар сауалының қоғамдық мәні болмаса қарамайды. Мұндай кезде оны қарауды басқа депутаттардың ұсынысымен шешеді Сауалдаң еш мақсатсыз бас тартылмайды.
100 100. Аудандық Мәслихат сауалды келесі сессияда қарауға ұсына алады.
101 101. Сессиясының күн тәртібін бекітпей тұрып депутаттар, тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібін қайтарып ала адады. Күн тәртібі бекітіліп кеткеннен кейін оны қарауды аудандық Мәслихат шешімі өзгерте алады.
102 102. Жауап қайтару қорытындалары бойынша талқыны қарауға аудандық Мәслихат шешім қабылдайды. Мұның бәрі баспасөзде басыла алады.
103 103. Депутат сауалы қолданған мемлекеттік ұйым басшысы оған сессияда ауызша, жазбаша жауап қайтарады. Жазбаша жауап кайтаруға Мәслихат I айдан кем емес мерзім тағайындайды. Оған жарыссөз ұйымдастырылуы мүмкін.
104 104. Депутаттар жауап берушіге сұрақ қоя алады.
Мәслихат депуттарының екіден үш дауысымен ешқандай талқысыз-ақ қарап мәселені мақсатты жүйемен шешім қабылдайды. Қабылданған шешімге қарамай депутат тобы, тұрақты және уақытша комиссия сауал түскен органнан қызметкерінен, өкілінен толық түсініктеме, сөз алып түсіндіруге жол ашады.
105 105. Аудан территориясындағы аудан әкімшілігі құрап тұрақты комиссия өкілеттілігі басқа да ұйым қатарлары ҚР заңдарына бағынады.
7 7 тарау АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЬІҢ ШҰҒЫЛ СЕССИЯСЫ
106 106. Аудандық Мәслихаттың шұғыл сессиясы мына жағдайда шақырылады:
1 1) республиканың тәуелсіздігіне әскери-саяси өзгеріс енгенде, мұндай жағдай республикада, облыста, ауданда байқалса;
2 2) бірінғай ретсіздіктер байқалса;
3 3) стихиялық зардап үлкен әсерінен аса манызды аудан халқын қамтамасыз етіп отырған жұмыс объектісін істен шығарғанда;
4 4) эпидемия жағдайында;
5 5) жоғарыда келтірілген жағдайлар ушыға бастаса.
107 107. Шұғыл сессияны шақырмас бұрын 4 сағат мерзімі алдында аудандық Мәслихат депутаттары кеңесіп, сессияның басталатыны туралы БАҚ арқылы хабар таратады.
108 108. Шұғыл сессия шакырылмаса депутаттар халыққа, еңбек ұжымдарына үндеу таратады.
8 8 Тарау. Сайлау комиссияларын құру тәртібі
📌 Ескерту. Регламент 8-тараумен толықтырылды – Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық мәслихатының 2004.05.21 N 4 шешімімен.
109 109. Сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу аудандық мәслихаттың шешімін қабылдау жолымен жүзеге асырылады, мұнда құрамды қалыптастыру саяси партиялар мам басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары негізінде жүргізіледі.
Сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі мен саны қолданылып жүрген заңға сәйкес жүзеге асырылады.
110 110. Сайлау комиссиясы мүшесінің босаған лауазымына осы сайлау комиссиясында өкілі жоқ саяси партия мен басқа да қоғамдық ұйымдардан ұсыныстар қабылдамады. Босаған лауазымды ауыстыру процедурасы осы рерламенттің 111, 112, 113 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
111 111. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру жөніндегі уақытша комиссиясын құру сайлау комиссияларын құру туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кемі үш күн бұрын мерзімде аудандық мәслихат хатшысының өкімі негізінде жүзеге асырылады.
Уақытша комиссияның құрамы депутаттардан және аудандық мәслихаттың аппараты қызметкерлерінен құралады.
Сайлау комиссиялары өкілеттігінің мерзімі аяқталғанға дейін екі айдан кешіктірмей аудандық мәслихат бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа сайлау комиссияларының құрылғандығы туралы хабарлайды. Хабарламада құруға жататын сайлау комиссияларының тізбесі, сайлау комиссияларының құрамына сайлау үшін ұсынылған кандидатуралар бойынша ұсыныстардың мерзімі мен тәртібі, осы ұсыныстар берілетін мекен-жай көрсетіледі.
Сайлау органдарының тізбесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан бастап 30 күннің ішінде саяси партиялар және басқа да қоғамдық бірлестіктер ұсынылатын сайлау комиссиясын көрсете отырып тиісті формаға сәйкес кандидаттар тізімін жібереді, оларға мыналарды қоса береді:
1 1) Саяси партияның және өзге де қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің органы отырысының кандидатты тиісті сайлау комиссиясына ұсыну туралы хаттамасына көшірмені;
2 2) Саяси партияны және өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесін;
3 3) кандидаттың тиісті мәслихат хатшысының атына жазылған сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші.
9 9 Тарау. Сайлау комиссияларын құру және сайлау
📌 Ескерту. Регламент 9-тараумен толықтырылды – Қарағанды облысы Бұқар-Жырау аудандық мәслихатының 2004.05.21 N 4 шешімімен.
112 112. Мәслихаттың уақытша комиссиясы саяси партия және басқа да қоғамдық бірлестіктерден, олардың құрылымдық бөлімшелерінен, жоғары тұрған комиссиядан құралатын сайлау комиссиясының құрамына түскен ұсыныстарды жинастырумен, өңдеумен айналысып, аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
Сайлау комиссияларының құрамын дайындауда уақытша комиссия алдымен саяси партиялардан түскен ұсыныстарды басшылыққа алады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелерінің санына тең (жеті) ұсыныс түскенде уақытша комиссия мәслихаттың отырысына осы сайлау комиссиясының құрамына дауыс беру ұсыныс енгізеді. Егер мәслихат депутаттары нақты бір кандидатураға қарсылығын білдірсе, ол сол саяси партияны не қоғамдық бірлестікті танытатын кандидатураға ауыстырылады. Бұл рәсімді бір реттен артық жүргізбеу ұсынылады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясының мүшелері санынан артық (жетіден артық) ұсыныс болғанда, уақытша комиссия мәслихаттың отырысында рейтингілік дауыс беруді өткізуді ұсынады. Уақытша комиссия әрбір депутат үшін осы кандидатураны қандай саяси партия енгізгенін көрсете отырып саяси партиялар ұсынған кандидатуралар кіретін бюллетеньді дайындайды. Бюллетеньге кандидатуралар саяси партиялардан ұсыныстардың келіп түсу кезектілігімен қосылады. Депутаттар бюллетеньге кандидатуралар тектерін және саяси партиялардың атауларының оң жағында барлығы теқ жеті квадратқа ғана белгі қояды. Алғашқы жеті орынға ең көп дауыс алған саяси партияның өкілдері сайланған болып саналады.
Саяси партиялардан тиісті сайлау комиссиясы мүшелерінің санынан кем (жетіден кем) ұсыныс түскен кезде уақытша комиссия жетіспейтін кандидатуралар бойынша бос орындарға басқа қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларынын ұсыныс енгізеді.
113
113. Рейтингілік дауыс бергеннен кейін Есеп комиссиясының төрағасы сайлау комиссиясының төрағасын, орынбасарын, хатшысын сайлау жөніндегі сайлау комиссиясының ұйымдастыру мәжілісін жүргізетін сайлау комиссиясының мүшесін атайды. Бұл кандидатурына Есеп комиссиясы мәслихат депутаттарының берген даусының санына қарай анықтайтын болады. Мұндай депутаттар даусы бірдей болған жағдайда аталмыш кандидатура депутаттардың ашық дауыс беруімен анықталады.
Аймақтық, округтік сайлау комиссияларының төрағалары, төраға орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясы құрылғаннан кейін кемінде жеті күннің ішінде сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
Аудандық мәслихат сайлау комиссияларының құрамын және өзгерістерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. Жарияланатын материалдың көлемі сол басылымның бір нөмірінде оның қосымшасымен бірге жарияланады.