Құжат мәтініне өту

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Казыгуртского района

Қаулы · № 383 · қабылданған 03.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116472/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Казыгуртского района Күшін жойған Қаулы ·№ 383 ·03.11.2017
23.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Казыгуртского района

Күшін жойған Қаулы ·№ 383 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории Казыгуртского района
Атауы (қаз.)
Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
383
Қабылданған күні
03.11.2017
Көрсетілген редакция
23.10.2020 116472_487831.kaz
Соңғы өзгеріс
23.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UF004285
ЭКБ идентификаторы
116472
Редакция идентификаторы
116472_487831
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:24

0 Қазығұрт ауданының аумағында

көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
арнайы бөлінген орындарды
белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 – тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 – тармағына және «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11148 тіркелген), Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Оңтүстік Қазақстан облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы қаулының Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3

3. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 желтоқсандағы №302 «Қазығұрт ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3960 тіркелген, 2017 жылғы 10 ақпанда «Қазығұрт тынысы» газетінде және 2017 жылғы6ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ш. Нұрмановқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Қазығұрт ауданы

әкімдігінің 2017 жылғы
3 қарашадағы №383
қаулысына қосымша
Қазығұрт ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін
арнайы бөлінген орындар

Ауыл округінің атауы
Мекен жайы
1
Қазығұрт
Қазығұрт елді мекені, Қонаев көшесінің бойы, «TS»жанар-жағар май бекетіне қарама-қарсы алаң
2
Шанақ
Шанақ елді мекені, М.Өтенов көшесінің бойы
3
Шарапхана
Шарапхана елді мекені, «Қазығұрт-Жаңабазар» автомобиль жолының бойында Қазығұрт аудандық білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы интернаты бар жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарама-қарсы алаң
4
Қарабау
Сынтас елді мекені, Бәйдібек көшесі №1, «Қарабау ЭТШ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаны
5
Шарбұлақ
Шарбұлақ елді мекені, «Қазығұрт-Шарбұлақ-Тұрбат» автомобиль жолының бойы, «Сапа-2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарама-қарсы алаң
6
Алтынтөбе
Қаржан елді мекені, Ж.Жұматаев көшесімен Келес көшесінің қиылысы
7
Сабыр Рақымов
Көкібел елді мекені, А.Құралов көшесі №74 үйдің жаны
8
Тұрбат
Тұрбат елді мекені, Бейбітшілік көшесі бойы
9
Қызылқия
Қызылқия елді мекені, Д.Болыс көшесі №87 а, «Nomad Group RBC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алды
10
Қақпақ
Заңғар елді мекені, «Қақпақ-Қазығұрт» автомобиль жолының бойы
11
Жаңабазар
Жаңабазар елді мекені, Р.Абдрайымұлы көшесінің бойы, техникалық жөндеу орталығының жаны
12
Жігерген
Жігерген елді мекені, Айнатас-Жаңабазар тас жолы бойы
13
Қарақозы Әбдәлиев
Рабат елді мекені, «Шымкент – Рабат Ташкент» автомобиль жолының бойы, Атбұлақ аялдамасының жаны

Қолданыстағы