Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 15-3
- Қабылданған күні
- 20.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2021 116531_533586.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SE004409
- ЭКБ идентификаторы
- 116531
- Редакция идентификаторы
- 116531_533586
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:14
0 Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3 Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының
2017 жылғы 20 қарашадағы № 15-3
шешімімен бекітілді
Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық шаруашылығы саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.
5 5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген «Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану» қағидаларына сәйкес атқарылады.