Құжат мәтініне өту

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Қаулы · № 311 · қабылданған 27.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116539/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы Күшін жойған Қаулы ·№ 311 ·27.11.2017
25.08.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы

Күшін жойған Қаулы ·№ 311 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
311
Қабылданған күні
27.11.2017
Көрсетілген редакция
25.08.2020 116539_477794.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UL004289
ЭКБ идентификаторы
116539
Редакция идентификаторы
116539_477794
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:09

0 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға

мемлекеттік білім беру тапсырысын,
ата-ана төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

2

2. Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы №152 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4136 тіркелген, 2017 жылғы 19 шілдеде «Созақ үні» газетінде және 2017 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

10 Созақ ауданы әкімдігінің

«27» қараша 2017 жылғы
№311 қаулысына
1-қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Аудан атауы
Мектепке дейінгі
мекемелердегі орын саны
Жергілікті
бюджет
есебінен
1
Созақ ауданы
3906
3906

11 Созақ ауданы әкімдігінің

«27» қараша 2017 жылғы
№311 қаулысына
2-қосымша
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)
430,20
470,26
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.

Қолданыстағы