Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм заключений о возможности (невозможности) и экономической целесообразности (нецелесообразности) промышленного извлечения драгоценных металлов из сырьевых товаров в Республике Казахстан и об экономической нецелесообразности или невозможности переработки сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, на территории Республики Казахстан

Бұйрық · № 797 · қабылданған 21.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116549/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении форм заключений о возможности (невозможности) и экономической целесообразности (нецелесообразности) промышленного извлечения драгоценных металлов из сырьевых товаров в Республике Казахстан и об экономической нецелесообразности или невозможности переработки сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, на территории Республики Казахстан Күшін жойған Бұйрық ·№ 797 ·21.11.2017
25.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм заключений о возможности (невозможности) и экономической целесообразности (нецелесообразности) промышленного извлечения драгоценных металлов из сырьевых товаров в Республике Казахстан и об экономической нецелесообразности или невозможности переработки сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, на территории Республики Казахстан

Күшін жойған Бұйрық ·№ 797 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм заключений о возможности (невозможности) и экономической целесообразности (нецелесообразности) промышленного извлечения драгоценных металлов из сырьевых товаров в Республике Казахстан и об экономической нецелесообразности или невозможности переработки сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы, на территории Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы және Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындылардың нысандарын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
797
Қабылданған күні
21.11.2017
Көрсетілген редакция
25.12.2024 116549_738873.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016063
ЭКБ идентификаторы
116549
Редакция идентификаторы
116549_738873
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:13

0

Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы және Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындылардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысымен бекітілген Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларының 16-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытындының нысаны;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытындының нысаны бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 797 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және экономикалық тұрғыдан орындылығы (орынсыздығы) туралы қорытынды
№_____ күні______
Өтініш берушінің атауы: _______________________________________________
Өтініш берушінің мекенжайы: ___________________________________________
Тауардың коды:_________________________________________________________
Тауардың атауы
Саны
Өлшем бірлігі
Тауарды сатып алушы: __________________________________________________
Межелі ел: ____________________________________________________________
Әкету мақсаты: ________________________________________________________
Негіз: ________________________________________________________________
Химиялық құрамы*:______________________________________________________
Қосымша ақпарат: ______________________________________________________
Транзиттеу елі: _______________________________________________________
Қорытындының нәтижесі**:_______________________________________________
Қорытындының жарамдылық кезеңі: _______________________________________
Ескертпе:
* «Химиялық құрамы» деген жолға әкетілетін тауардың негізгі, оның ішінде құрамында зиянды қоспалар мен бағалы металдар жоғары және ең аз көрсеткіштерді қамтитын сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетіледі;
** «Қорытынды нәтижесі» деген жолға мынадай жазбалар енгізіледі:
«Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орынсыздығы және мүмкін еместігі расталады», мұндай жағдайда тауар экспорттың кедендік рәсімдерінде кедендік декларациялауға жатады;
«Қазақстан Республикасында ұсынылған шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік алудың экономикалық тұрғыдан орындылығы және мүмкіндігі расталады», мұндай жағдайда тауар экспорты кедендік рәсімдерде кедендік декларациялауға жатпайды.

2 Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2017 жылғы 21 қарашадағы
№ 797 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды
№_____ күні______
Өтініш берушінің атауы: __________________________________________________
Өтініш берушінің мекенжайы: ______________________________________________
Тауардың коды:____________________________________________________________
Тауардың атауы
Саны
Өлшем бірлігі
Тауарды сатып алушы: _____________________________________________________
Межелі ел: _______________________________________________________________
Әкету мақсаты: ___________________________________________________________
Негіз: ___________________________________________________________________
Химиялық құрамы*:_________________________________________________________
Қосымша ақпарат: _________________________________________________________
Транзиттеу елі: __________________________________________________________
Қорытындының нәтижесі**:__________________________________________________
Қорытындының жарамдылық кезеңі: __________________________________________
Ескертпе:
* «Химиялық құрамы» деген жолға әкетілетін тауардың негізгі, оның ішінде құрамында зиянды қоспалар мен бағалы металдар жоғары және ең аз көрсеткіштерді қамтитын сипаттамалары мен ерекшеліктері көрсетіледі;
** «Қорытынды нәтижесі» деген жолға мынадай жазба енгізіледі:
«Қазақстан Республикасының аумағында ұсынылған шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі расталады», мұндай жағдайда тауар кеден аумағынан тыс қайта өңдеудің кедендік рәсімдерінде кедендік декларациялауға жатады.

Қолданыстағы