О снятии ограничительных мероприятий на территории северной части города Аксай Бурлинского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории северной части города Аксай Бурлинского района
- Атауы (қаз.)
- Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында белгіленген шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 573
- Қабылданған күні
- 27.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2017 116563_263119.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17ZC004977
- ЭКБ идентификаторы
- 116563
- Редакция идентификаторы
- 116563_263119
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:08
0 Бөрлі ауданы Ақсай қаласының
солтүстік бөлігі аумағында белгіленген
шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2017 жылғы 13 қазандағы № 1-13/759 ұсынысы негізінде, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында ұсақ мүйізді малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс - шаралары тоқтатылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 171 «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4789 тіркелген, 2017 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.