Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Курчатов

Ереже · № 17/124-VI · қабылданған 30.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116587/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Курчатов Күшін жойған Ереже ·№ 17/124-VI ·30.11.2017
10.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Курчатов

Күшін жойған Ереже ·№ 17/124-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность города Курчатов
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17/124-VI
Қабылданған күні
30.11.2017
Көрсетілген редакция
10.12.2021 116587_551858.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VC005328
ЭКБ идентификаторы
116587
Редакция идентификаторы
116587_551858
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:04

0 Сот шешімімен Курчатов

қаласының коммуналдық
меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес, Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

Курчатов қалалық мәслихатының
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 17/124-VІ шешімімен
бекітілген
Сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы сот шешімімен Курчатов қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Курчатов қаласының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

4 4. Қалдықтарды басқаруды қаланың жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

5 5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде қала әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

7 7. Иесіз қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерге өнім берушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қайтадан қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен қарау процессі барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы