Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кызылжарского района Северо-Казахстанской области

Ереже · № 21/1 · қабылданған 28.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116603/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кызылжарского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 21/1 ·28.11.2017
17.08.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кызылжарского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 21/1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Кызылжарского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
21/1
Қабылданған күні
28.11.2017
Көрсетілген редакция
17.08.2021 116603_535361.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17SH004419
ЭКБ идентификаторы
116603
Редакция идентификаторы
116603_535361
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:07

0 Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының

коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

3 Солтүстік Қазақстан облысы

Қызылжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы
«28» қарашадағы №21/1
шешімімен бекітілген
Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесiз қалдықтарды басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелер өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

«Қызылжар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, коммуналды шаруашылық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру саласын іске асыратын жергілікті атқару органының уәкілі ретінде қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру органы болып анықталады.

5 5. Иесiз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге атқарылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы