Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий на повышение урожайности и качества продукции растениеводства, удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ, путем субсидирования производства приоритетных культур и стоимости затрат на возделывание сельскохозяйственных культур в защищенном грунте
- Атауы (қаз.)
- Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-12/546
- Қабылданған күні
- 24.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2019 116609_404507.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17B0006203
- ЭКБ идентификаторы
- 116609
- Редакция идентификаторы
- 116609_404507
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:10
0 Басым ауыл шаруашылығы
дақылдарының тiзбесін және басым
дақылдар өндіруді субсидиялау
жолымен өсімдік шаруашылығы
өнімінің өнімділігі мен сапасын
арттыруға, жанар-жағармай
материалдары мен көктемгi
егіс және егiн жинау жұмыстарын
жүргiзу үшін қажеттi басқа да
тауарлық-материалдық
құндылықтардың құнын және ауыл
шаруашылығы дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру шығындарының
құнын арзандатуға арналған
субсидиялар нормаларын
бекіту туралы
«Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелді) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Бекітілсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары.
2
2. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялардың нормаларын (1 гектарға) белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № А-6/281 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4834 болып тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 3 шілдесінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.С. Үйсімбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ А-12/546 қаулысына
1-қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
№ п/п
Басым дақылдардың атауы
1
Егістікте және (немесе) шабындық пен жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер
2
Сүрлемдік жүгері
3
Біржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)
4
Қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсірілетін көкөніс дақылдар
6 Ақмола облысы әкімдігінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ А-12/546 қаулысына
2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары
№ п/п
Басым дақылдардың атауы
1 гектарға субсидия нормалары, теңге
1
Егістікте және (немесе) шабындық пен жайылымдық алқаптарды шалғындандыру және (немесе) түпкілікті жақсарту үшін себілген бірінші жылы өсіп жатқан көп жылдық шөптер
2 462,9
2
Сүрлемдік жүгері
3 700,0
3
Біржылдық шөптер (дәнді масақты дақылдарды қоспағанда)
2 400,0
4
Қорғалған топырақ жағдайында өңдеп өсірілетін көкөніс дақылдар
17 993 983,9