Құжат мәтініне өту

О снятии ограничительных мероприятий на территории села Комсомольское Сарыкольского района Костанайской области

Өзге акт · № 8 · қабылданған 29.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116622/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О снятии ограничительных мероприятий на территории села Комсомольское Сарыкольского района Костанайской области Қолданыста Өзге акт ·№ 8 ·29.11.2017
29.11.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О снятии ограничительных мероприятий на территории села Комсомольское Сарыкольского района Костанайской области

Қолданыста Өзге акт ·№ 8 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О снятии ограничительных мероприятий на территории села Комсомольское Сарыкольского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8
Қабылданған күні
29.11.2017
Көрсетілген редакция
29.11.2017 116622_264448.kaz
Соңғы өзгеріс
29.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17NQD07354
ЭКБ идентификаторы
116622
Редакция идентификаторы
116622_264448
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:04

0 Қостанай облысы Сарыкөл

ауданы Комсомол ауылының
аумағында шектеу іс-шараларын
тоқтату туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыкөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 23 қазандағы
№ 01-20/159 ұсынысы негізінде Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез бойынша шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

2 2. Сарыкөл ауданы Комсомол ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 5 «Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Комсомол ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7070 болып тіркелген,

2017 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Сарыкөл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_______________ Е.Қ. Құрманов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Қоғамдық
денсаулық сақтау комитетінің
Қостанай облысы қоғамдық
денсаулық сақтау департаментінің
Сарыкөл аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасы»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ С.С. Ибраева
«КЕЛІСІЛДІ»
«Сарыкөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_______________ Ш.Ж. Сатубалдин

Қолданыстағы