Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы
- Атауы (қаз.)
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 340
- Қабылданған күні
- 13.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2019 116697_433043.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17UI004291
- ЭКБ идентификаторы
- 116697
- Редакция идентификаторы
- 116697_433043
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:18
0 Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім
беру тапсырысын, ата-ана
төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын
осы қаулыға 1-қосымшаға;
2 2) ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. Отырар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 тамыз №192 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басындағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4201 тіркелген, 2017 жылғы 8 қыркүйек «Отырар алқабы» газетінде және 2017 жылғы 8 қыркүйек Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Отырар ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс
тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Әлішке жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
12 Отырар ауданы
әкімдігінің 13 қараша
№340 қаулысына
1 қосымша
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
№
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
Оның ішінде
жергілікті бюджет есебінен
1
3134
3134
13 Отырар ауданы
әкімдігінің 13 қараша
№340 қаулысына
2 қосымша
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге (көп емес)
Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес)
331,06
398,78
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.