Об упразднении некоторых населенных пунктов Павлодарской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об упразднении некоторых населенных пунктов Павлодарской области
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысының кейбір елді мекендерін тарату туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 167/17
- Қабылданған күні
- 22.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2017 116706_265059.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17P0005728
- ЭКБ идентификаторы
- 116706
- Редакция идентификаторы
- 116706_265059
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:12
0 Павлодар облысының
кейбір елді мекендерін
тарату туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл, Качир, Шарбақты аудандарының және Екібастұз қаласының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Мыналар таратылсын және есептік деректерден шығарылсын:
1 1) Баянауыл ауданы бойынша:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және оның аумағын Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі Қойтас ауылының құрамына енгізу арқылы Баянауыл ауданының Желтау ауылы;
2 2) Качир ауданы бойынша:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Жаңабет ауылының құрамына енгізу арқылы Бобров ауылдық округінің Боборо ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Львовка ауылының құрамына енгізу арқылы Верный ауылдық округінің Тимофеевка ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Березовка ауылының құрамына енгізу арқылы Воскресен ауылдық округінің Малые Березняки ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Октябрьское ауылының құрамына енгізу арқылы Октябрь ауылдық округінің Благовещенка ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты кейіннен есептік деректерден шығару және оның аумағын Качир ауданы Октябрьское ауылының құрамына енгізу арқылы Октябрь ауылдық округінің Мотогул ауылы;
3 3) Шарбақты ауданы бойынша:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және олардың аумағын Алексеевка ауылдық округі Алексеевка ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Алексеевка ауылдық округінің Бөріктал және Каховка ауылдары;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және оның аумағын Сосновка ауылдық округі Сосновка ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Сосновка ауылдық округінің Софиевка ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және оның аумағын Жылы-Бұлақ ауылдық округі Жылы-Бұлақ ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Жылы-Бұлақ ауылдық округінің Қос-Құдық ауылы;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және олардың аумағын Галкин ауылдық округі Галкин ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Галкин ауылдық округінің Марьяновка және Кұлат ауылдары;
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және олардың аумағын Шалдай ауылдық округі Шалдай ауылының құрамына енгізу арқылы Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің Бозалан және Сүгір ауылдары;
4 4) Екібастұз қаласы бойынша:
елді мекен мәртебесінен айырылуына байланысты есептік деректерден шығару және оның аумағын Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің Төрт-Құдық ауылының құрамына енгізу арқылы Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің 112 Разъезд ауылы.