Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Айыртауского района Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Айыртауского района Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 6-14-2
- Қабылданған күні
- 05.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.10.2021 116711_544732.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SC004431
- ЭКБ идентификаторы
- 116711
- Редакция идентификаторы
- 116711_544732
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:01
0 Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихатының
2017 жылғы «5» желтоқсандағы
№ 6-14-2 шешімімен
бекітілген
Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Сот шешімімен Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Қалдықтарды басқаруды Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.
4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен Комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметті атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен белгіленеді.
5 5. Қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қағидаларға сәйкес атқарылады.