Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Ереже · № 149 · қабылданған 08.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116712/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Күшін жойған Ереже ·№ 149 ·08.12.2017
28.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Күшін жойған Ереже ·№ 149 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
149
Қабылданған күні
08.12.2017
Көрсетілген редакция
28.12.2021 116712_556418.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17LH006068
ЭКБ идентификаторы
116712
Редакция идентификаторы
116712_556418
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:56

0 Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы кодексінің 19-1-бабының 3)- тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Сырдария аудандық мәслихатының

2017 жылғы 08 желтоқсандағы
№149 шешімімен бекітілген
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің

20-1-бабының 5)-тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Сырдария ауданының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) жүзеге асырады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында әкімдік мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде «Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып (бұдан әрі - бөлім) табылады.

5 5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі №833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін

қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы