Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Алтай

Ереже · № 23/6-VI · қабылданған 30.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116752/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Алтай Күшін жойған Ереже ·№ 23/6-VI ·30.11.2017
21.10.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Алтай

Күшін жойған Ереже ·№ 23/6-VI · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность района Алтай
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен Алтай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23/6-VI
Қабылданған күні
30.11.2017
Көрсетілген редакция
21.10.2021 116752_566166.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17VL005339
ЭКБ идентификаторы
116752
Редакция идентификаторы
116752_566166
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:03

0 Сот шешімімен Алтай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен Зырян ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Сот шешімімен Алтай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

Зырян ауданының мәслихатының
2017 жылғы 30 қарашадағы
№ 23/6-VІ шешімімен
бекітілген
Сот шешімімен Алтай ауданының коммуналдық меншігіне
түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидалары

1

1. Осы сот шешімімен Алтай ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Алтай ауданының коммуналдық меншiгіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

4 4. Қалдықтарды басқару ауданның жергілікті атқарушы органымен жүзеге асырылады (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган).

5 5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

6

6. Бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану және сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi» қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Комиссияның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша қызметтерін жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы