О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң кейбiр мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 445
- Қабылданған күні
- 24.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2019 116764_415983.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SH004417
- ЭКБ идентификаторы
- 116764
- Редакция идентификаторы
- 116764_415983
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:09
0 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң кейбiр мәселелерi туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, «Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 3 бабының 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi айқындалсын.
2 2. Қоса берiлген Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы бекiтiлсiн.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысының
ішкі істер Департаменті Қызылжар
ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________Х.Ф. Байқадамов
2017 жылғы 24 қараша
5 Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 445 қаулысына
қосымша
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудiң түрлерi мен мөлшерлерi
1 1. Қызылжар ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.
2 2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
3 3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.
9 Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 445 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидасы
Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.
1 1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарастырады.
2
2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарастыруға «Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының полиция департаментiнің Қызылжар ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Қызылжар ауданының ПБ) енгiзедi.