Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қаулы · № 315 · қабылданған 14.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116783/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка Қолданыста Қаулы ·№ 315 ·14.12.2017
02.08.2019 редакциясы
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.08.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка

Қолданыста Қаулы ·№ 315 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах поощрения граждан, участвующих в обеспечении общественного порядка
Атауы (қаз.)
Қоғамдық тәртіпті қатамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
315
Қабылданған күні
14.12.2017
Көрсетілген редакция
02.08.2019 116783_416137.kaz
Соңғы өзгеріс
02.08.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17SF004438
ЭКБ идентификаторы
116783
Редакция идентификаторы
116783_416137
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:47

0 Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабы 7 тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу Тәртібі бекітілсін.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері және мөлшерлері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

2

2) аудан әкімдігінің осы қаулысын мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін оның көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы – Солтүстік Қазақстан аймақтық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

3 3) оны ресми жариялағаннан кейін «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет – ресурсында осы қаулыны орналастыру.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
ішкі істер департаменті
Есіл ауданының ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_________________ М.Байжанов
2017 жылғы «14» желтоқсан

9 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің Тәртібі

Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 315 қаулысымен
бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті
қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің
Тәртібі
Осы Тәртіп қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу рәсімін айқындайды.

1 1. Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

2

2. Қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынысты «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті Есіл ауданының полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-СҚО ПД Есіл ауданының ПБ) Комиссияның қарауына енгізеді.

3 3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.

4 4. Көтермелеу түрін, оның ішінде ақшалай сыйақы мөлшерін көтермеленушінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін ескере отырып, Комиссия белгілейді.

5 5. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты алу үшін Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес СҚО ПД Есіл ауданының ПБ бастығының бұйрығы қосымша шығарылады.

6 6. Ақшалай сыйақыны төлеу және бағалы сыйлықты сатып алу облыстық бюджет қаражаты есебінен СҚО ПД Есіл ауданының ПБ жүргізіледі.

7 7. Көтермелеуді төлеуге арналған қаражат облыстық бюджеттен, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің 252 003 «Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу» бюджеттік бағдарламасымен көзделеді.

8 8. Есіл ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақыны, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін Азаматтарға бағалы сыйлықты тапсыруды СҚО ПД Есіл ауданының ПБ салтанатты түрде жүзеге асырады.

18 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «14» желтоқсандағы
№ 315 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері және мөлшерлері

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің Құрмет грамотасы.

2 2. 10-еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде ақшалай сыйақы.

3 3. 10 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын құнына сыйлық.

Қолданыстағы