Об утверждении Правил организации и оплаты дежурств медицинских работников
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации и оплаты дежурств медицинских работников
- Атауы (қаз.)
- Медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу қағидаларын бекiту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 857
- Қабылданған күні
- 22.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 22.11.2017 116832_265198.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.11.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016071
- ЭКБ идентификаторы
- 116832
- Редакция идентификаторы
- 116832_265198
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:11
0 Медицина қызметкерлерiнiң
кезекшiлiгiн ұйымдастыру
және ақы төлеу қағидаларын
бекiту туралы
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына 5-қосымшаға ескертпенің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
5 5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2017 жылғы 22 қарашадағы
№ 857 бұйрығымен
бекітілген
Медицина қызметкерлерiнiң
кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу
қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Медицина қызметкерлерінің кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысына 5-қосымшаға ескертпенің 2-тармағына сәйкес әзірленді және медицина қызметкерлерiнiң кезекшiлiгiн ұйымдастыру және ақы төлеу тәртібін айқындайды.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
денсаулық сақтау ұйымы – денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
еңбекке ақы төлеу – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне
(бұдан әрі – Еңбек кодексі) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ келiсiмдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерге еңбегi үшiн берiлетiн сыйақының мiндеттi төлеуін қамтамасыз етуге байланысты қатынастар жүйесi;
кезекшілік – Еңбек кодексіне, жұмыс берушінің актісіне және еңбек шарты жағдайларына сәйкес түнгі уақытта, мереке және демалыс күндері еңбек міндеттерін атқару уақытының кезеңі;
медицина қызметкерлері – кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар;
мереке күндерi – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндерi.