Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Успенского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий Успенского района
- Атауы (қаз.)
- Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 257/12
- Қабылданған күні
- 04.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 06.05.2026 116854_821292.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.05.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PL005747
- ЭКБ идентификаторы
- 116854
- Редакция идентификаторы
- 116854_821292
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:02
0 Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қауылының қосымшасына сәйкес Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. Коммуналдық мемлекеттік кәсiпорындардың мемлекеттiк басқару органдары ведомствоға қарасты коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті бюджетке таза кірісінің бір бөлігін аударудың белгіленген нормативін толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау белгілесін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А. Дисюповаға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Успен ауданы әкімдігінің
2017 жылғы «4» желтоқсандағы
№ 257/12қаулысына
қосымша
Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз