Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управлениия бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Ереже · № 24-109 · қабылданған 06.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-116895/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управлениия бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Қолданыста Ереже ·№ 24-109 ·06.12.2017
06.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управлениия бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Қолданыста Ереже ·№ 24-109 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управлениия бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
24-109
Қабылданған күні
06.12.2017
Қолданысқа енгізілген күні
03.01.2018
Көрсетілген редакция
06.12.2017 116895_265498.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17DF004431
ЭКБ идентификаторы
116895
Редакция идентификаторы
116895_265498
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:58

0 Сот шешімімен коммуналдық

меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларын бекіту туралы
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Агроөнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй, жол құрылысы істері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Балқаш аудандық мәслихатының 2017 жылғы «6» желтоқсан

№ 24-109 шешімімен бекітілген қосымша
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Балқаш ауданының жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде жергiлiктi атқарушы орган тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

5 5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларына сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыралады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы