Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

Бұйрық · № 743 · қабылданған 25.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117055/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором Күшін жойған Бұйрық ·№ 743 ·25.12.2017
01.03.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором

Күшін жойған Бұйрық ·№ 743 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым организация и проведение государственных закупок осуществляется единым организатором
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
743
Қабылданған күні
25.12.2017
Көрсетілген редакция
01.03.2019 117055_390807.kaz
Соңғы өзгеріс
01.03.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016127
ЭКБ идентификаторы
117055
Редакция идентификаторы
117055_390807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:29

0 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 8-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1

1) «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14850 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған);

2

2) «Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 ақпандағы № 130 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 387 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15342 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде жарияланған).

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитеті (Ж.Б. Сапарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

4 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

1 Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі*

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 743 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай
ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің тізбесі*
р/с №
Атауы
1.
Тауарлар:
1.1.
автокөлік құралдары, механикалық көлік құралдары
1.2.
тікұшақтар
1.3.
серверлер, телекоммуникация құралдары және олардың құрамдас бөліктері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан жағдайда)
1.4.
жұмыс станциялары, дербес компьютерлер, моноблоктар, мониторлар, экрандар, процессорлар, ноутбуктер, көп функционалды құрылғылар, принтерлер, сканерлер (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
1.5.
лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалық өнімдер), апараттық-бағдарламалық кешен (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
1.6.
жиһаз (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
1.7.
медициналық техника және медициналық мақсатты бұйымдар, кепілдік берілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша көлемі шеңберінде көзделген тауарларды қоспағанда (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
1.8.
жеңіл өнеркәсіп өнімдері (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен конкурс/аукцион жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
2.
Жұмыстар:
2.1.**
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын объектілерді (жүйелерді) салу (құрлысы) және (немесе) реконструкциялау
2.2.**
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын автомобиль жолдарын, су көлігін, азаматтық авиация және әуе көлігін дамытуға арналған реконструкция, құрылыс және жобалау-іздестіру жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
2.3.**
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу
2.4.**
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылатындардың бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын қолдағы бар объектілеріне күрделі жөндеу, орташа жөндеу, ағымдағы жөндеу, ұстау, қамтамасыз ету, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
3.
Көрсетілетін кызметтер:
3.1.
ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
3.2.
ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
3.3.
жүйелік-техникалық қызмет көрсету, аппараттық-бағдарламалық кешендерді жөндеу (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
3.4.
полиграфиялық кызметтер (полиграфиялық жұмыстар) және баспа өнiмдерін өндіру (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
3.5.
лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету (өнімді) техникалық қолдау (республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен конкурс жүргізуге бөлінген сомадан асқан кезде)
3.6.**
бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ретінде орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар шығатын инжинирингтік қызметтер
Ескертпе:
*мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» мемлекеттік мекемесі мен оның ведомстволары жүзеге асыратын мемлекеттік сатып алуларды қоспағанда, электрондық сатып алу арқылы өткізілетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылады.
** жоғарғы бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретін нысаналы даму трансферттерін қоспағанда, тапсырыс берушілер (ведомстволар және олардың аумақтық бөлімшелері, республикалық заңды тұлғалар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар) айқындаған тұлғалардан тәуелсіз орталық атқарушы және басқа да орталық мемлекеттік органдары әкімші болып табылатын 2.1, 2.2, 2.3, 2.4-тармақтарында көрсетілген жұмыстар және 3.6-тармағында көрсетілген қызмет бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асырады.

Қолданыстағы