Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
- Атауы (қаз.)
- Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 13.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 15.04.2024 117101_696140.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.04.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17R0001442
- ЭКБ идентификаторы
- 117101
- Редакция идентификаторы
- 117101_696140
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:49
0 Сот шешімімен
коммуналдық меншікке түскен
болып танылған иесіз
қалдықтарды басқару
қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының
3) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
2 2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихаты кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кезден бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXV сессиясының 2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 185 шешімімен бекітілді
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Сот шешімімен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі - Қағида) сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.
2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
3 3. Иесіз қалдықтарды басқару Алматы қаласының әкімдігі, (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергілікті атқаруша орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі - Комиссия).
Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы болып табылады.
5 5. Иесіз қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.
2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі
6
6. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.