Об установлении ограничительных мероприятий в селе Шокай Докучаевского сельского округа Алтынсаринского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий в селе Шокай Докучаевского сельского округа Алтынсаринского района
- Атауы (қаз.)
- Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округінің Шокай ауылында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 21.11.2017
- Көрсетілген редакция
- 12.07.2018 117103_338584.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17NEC07362
- ЭКБ идентификаторы
- 117103
- Редакция идентификаторы
- 117103_338584
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 03:13
0 Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округінің Шокай ауылында шектеу iс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 18 қазандағы № 68 ұсынысы негiзiнде, жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Докучаев ауылдық округi әкiмiнің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округінің Шокай ауылы аумағында ірі кара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты, шектеу iс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Алтынсарин ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Алтынсарин аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Қостанай облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Алтынсарин аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» республикалық мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша), осы шешiмнен туындайтын қажеттi шараларды қолдану ұсынылсын.