О снятии ограничительных мероприятий на территории села Мадениет Кокалажарского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О снятии ограничительных мероприятий на территории села Мадениет Кокалажарского сельского округа района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Көкалажар ауылдық округі Мәдениет ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 12
- Қабылданған күні
- 13.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 13.12.2017 117112_267138.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SEG04455
- ЭКБ идентификаторы
- 117112
- Редакция идентификаторы
- 117112_267138
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:49
0 Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Көкалажар ауылдық округі Мәдениет ауылының аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 – бабы 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 08-08/393 ұсынысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округі Мәдениет ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша ветеринариялық іс-шаралар кешенінің аяқталуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2
2. «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Көкалажар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 29 мамырда № 4198 тіркелген, 2017 жылғы 22 мамырда «Есіл Өңірі» және «Новости Приишимья» аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.