Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Панфиловского района

Ереже · № 6-25-167 · қабылданған 08.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117158/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Панфиловского района Қолданыста Ереже ·№ 6-25-167 ·08.12.2017
08.12.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Панфиловского района

Қолданыста Ереже ·№ 6-25-167 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой Панфиловского района
Атауы (қаз.)
Панфилов ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6-25-167
Қабылданған күні
08.12.2017
Көрсетілген редакция
08.12.2017 117158_267285.kaz
Соңғы өзгеріс
08.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17DP004439
ЭКБ идентификаторы
117158
Редакция идентификаторы
117158_267285
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:55

0 Панфилов ауданының

Құрметграмотасымен
наградтаутуралы
ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Панфилов ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау  Панфилов аудандық мәслихатының «Заңдылық, азаматтардың құқығын, қоршаған ортаны қорғау, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Панфилов аудандық

мәслихатының 2017 жылғы
8 желтоқсандағы № 6-25-166
шешімімен бекітілген
қосымша
Панфилов ауданының Құрметграмотасыменнаградтаутуралыереже.

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Панфилов ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Панфилов ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

2 2. Панфилов ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.

3

3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

2 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

4 4. Панфилов ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа да ұйымдар енгізеді.

5

5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), білімі туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.

6 6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Панфилов ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды.

7 7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.

8 8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі.

Құрмет грамотасын Панфилов ауданы әкімі тапсырады, сондай-ақ Панфилов ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын Панфилов ауданы әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.

9 9. Құрмет грамотасына Панфилов ауданы әкімінің қолы қойылады.

10 10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Панфилов ауданы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.

11 11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрімен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Панфилов ауданы әкімі аппаратына жолданады.

Қолданыстағы