Құжат мәтініне өту

Об установлении водоохранных зон и полос крупных рек Иргиз, Торгай, их притоков и основных озер Тобол-Торгайского бассейна Актюбинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования

Қаулы · № 443 · қабылданған 13.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117173/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении водоохранных зон и полос крупных рек Иргиз, Торгай, их притоков и основных озер Тобол-Торгайского бассейна Актюбинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования Қолданыста Қаулы ·№ 443 ·13.12.2017
18.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении водоохранных зон и полос крупных рек Иргиз, Торгай, их притоков и основных озер Тобол-Торгайского бассейна Актюбинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования

Қолданыста Қаулы ·№ 443 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении водоохранных зон и полос крупных рек Иргиз, Торгай, их притоков и основных озер Тобол-Торгайского бассейна Актюбинской области, режима и особых условий их хозяйственного использования
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай бассейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
443
Қабылданған күні
13.12.2017
Көрсетілген редакция
18.10.2024 117173_726496.kaz
Соңғы өзгеріс
18.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17C0005777
ЭКБ идентификаторы
117173
Редакция идентификаторы
117173_726496
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:49

0 Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай бассейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11838 тіркелген бұйрығына сәйкес, жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болдырмау, су объектілерін және су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін жағдайда ұстау мақсатында Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай бассейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілген жоба негізінде белгіленсін.

2 2. Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай бассейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

3 3. Әйтеке би және Ырғыз аудандарының әкімдері:

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы - жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментімен бірлесіп мемлекеттік жер кадастрына тиісті өзгерістер енгізе отырып, су қорғау белдеулерінің жерлерін су қорының жерлеріне аудару жөнінде шаралар қабылдасын;
жер пайданушыларға су қорғау аймақтарының, белдеулерінің белгіленген шекаралары мен оларды шаруашылықта пайдаланудың режимін және ерекше жағдайларын жеткізсін;
бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізсін;
олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұстауды және шаруашылықта пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз етсін.

4 4. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.Е. Абдуллинге жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтөбе облысы Қоғамдық денсаулық
сақтау департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Н. Беркімбаева
«14» желтоқсан 2017 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________ Г. Оспанбекова
«14» желтоқсан 2017 жыл

9 Ақтөбе облысы әкімдігінің

2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 443 қаулысына 1-қосымша
Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай басейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен алаптары

Су объектісі (салалары)
Аудандыр
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Ор­та­ша көп жыл­дық су­дың са­ба­лық ке­ме­рі (метр)
ұзындығы (км)
ені (м)
ауданы (кв.км)
ұзындығы (км)
ені (м)
ауданы (кв.км)
ІРІ ӨЗЕНДЕР
1
Ырғыз өзені
Ырғыз ауданы
593
500
31600
593
50
31600
135,1-142,0
Ырғыз өзенінің салалары
Бақсайыс өзені
Ырғыз ауданы
100
500
2060
100
50
Үймола өзені
46
500
46
50
Шетырғыз өзені
178
500
4740
178
50
Қарабұтақ өзені
Әйтеке би ауданы
70
500
963
70
50
Қайрақты өзені
113
500
113
50
Талдық өзені
145
500
4140
145
50
Ащысай өзені
93
500
93
50
2
Торғай өзені
Әйтеке би ауданы
825
500
56500
825
50
56500
Торғай өзенінің салалары
Өлкиік өзені
Әйтеке би ауданы
114
500
27800
114
35
Телқара өзені
Ырғыз ауданы
70
500
70
35
Сарыөзек өзені
66
500
66
35
НЕГІЗГІ КӨЛДЕР
1
Әйке
Әйтеке би
18
500
31
18
50
31
135,1-142,0
2
Сұлукол
Әйтеке би
1,7
300
1,25
1,7
50
1,25
3
Жаңадәуір (Шалбар)
Әйтеке би
1,2
300
1,04
1,2
50
1,04
4
Шонай
Әйтеке би
1,9
300
1,6
1,9
50
1,6
5
Шалқар Қарашатау
Әйтеке би
12,5
500
18,5
12,5
50
18,5
6
Сабынды-көл
Ырғыз
9,6
500
14,1
9,6
50
14,1
7
Үлкен Жалаңаш
Ырғыз
4,2
500
9,67
4,2
50
9,67
8
Кіші Жалаңаш
Ырғыз
2,4
300
2,11
2,4
50
2,11
Ескерту: "Ақтөбе облысының ірі Ырғыз, Торғай өзендерінің, олардың салаларының және Тобыл-Торғай басейнінің негізгі көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" жобасының картографиялық материалында су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекараларының ені көрсетілген
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 443
қаулысына 2-қосымша
Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі

1 1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:

1 1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;

2

2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға.
Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;

3 3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;

4 4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;

5 5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);

6 6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;

7 7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.

2 2. Су қорғау аймақтарының шегінде:

1 1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

2

2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;

3

3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

4 4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;

5 5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;

6 6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;

7 7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.

Қолданыстағы