Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов города Петропавловска
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов города Петропавловска
- Атауы (қаз.)
- Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2207
- Қабылданған күні
- 15.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2021 117254_526044.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17SA004460
- ЭКБ идентификаторы
- 117254
- Редакция идентификаторы
- 117254_526044
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:46
0 Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 нөмірімен тіркелген) сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарда, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыс орындарын қоспағанда, жұмыс орындары санының есебінен мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Петропавл қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1 1) Осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) Әкімдіктің осы қаулысын мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде, оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3 3) Осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Петропавл қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оны алғашқы рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан алғанда Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы
Петропавл қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2207 қаулысына қосымша
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан алғанда Петропавл қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарының квотасы
Ұйым атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Нақты жұмыс орындарына квота (адам)
Жұмыс істейтін мүгедектер саны (адам)
Жұмыс орындарына белгіленетін квота (адам)
1
«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Юрий Алексеевич Гагарин атындағы №14 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
68
2%
1
-
1
2
«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№21 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
99
2%
2
1
1
3
«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «БЭСТ» гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
138
3%
4
3
1
4
«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақ бота» бөбекжай-балабақшасы» қазыналық мемлекеттік кәсіпорны
82
2%
2
1
1
5
«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№26 мектеп-балабақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
134
3%
4
3
1
6
«Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Дарын» мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
108
3%
3
2
1