О некоторых вопросах Государственной премии мира и прогресса Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Государственной премии мира и прогресса Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының кейбiр мәселелерi туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 396
- Қабылданған күні
- 02.04.2002
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2017 AI11728_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P020000396_
- ЭКБ идентификаторы
- 11728
- Редакция идентификаторы
- AI11728_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.08.2026 23:11
0 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының кейбiр мәселелерi туралы
📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270; 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 шiлдедегi Z010222_ Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270; 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
1 1. Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының сипаттамасы;
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты омырауға тағатын белгiсiнiң сипаттамасы;
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң сипаттамасы бекiтiлсiн.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270; 08.06.2017 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
3 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 3 сәуірдегі
N 396 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының СИПАТТАМАСЫ
📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
Ескерту. Сипаттаманың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1 1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты дипломының негiзi (бұдан әрi - Диплом) мөлшерi 335 х 115 миллиметр қоңыркүрең түстi терiмен қапталған, "Астра Люкс" тұрпатты қағаз-картоннан дайындалады.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
2 2. Дипломның сыртқы бетінде алтын түсті "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы лауреатының дипломы" деген жазу орналасады.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
3 3. Дипломның ішкi жағы ақ түстi атлас материалымен тартылған.
4 4. Дипломның қосымша бетi мөлшерi 310 х 110 миллиметр ақ түстi қағаздан дайындалады.
5 5. Қосымша беттiң сыртқы бетiнiң ортасына Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы орналасады.
6 6. Дипломның қосымша бетiнiң айқармасындағы мәтiнi қазақтың ою-өрнегiмен безендiрiледi әрi алтын және көк бояумен трафарет тәсiлiмен басылады. Қосымша беттiң сол жағында мемлекеттiк тiлдегi мазмұны, ал оң жағында тиiсiнше орыс тілiндегi мазмұны көрсетiледi.
10 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреатының омырауға тағатын белгiсiнiң СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 3 сәуірдегi
N 396 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреатының омырауға тағатын белгiсiнiң СИПАТТАМАСЫ
📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
Ескерту. Сипаттаманың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1 1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты омырауға тағатын белгiсi диаметрi - 38 мм, тағаны - 35 мм медаль түрiнде жасалған. Тағанның төменгi бөлiгiнде қазақтың ою-өрнегi орналасқан.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
2 2. "АВЕРС" жағында күн және бүркiт орналасқан, айналасында оқиғаның ерекше салтанаттылығын бiлдiретiн лавр бұтақшасы бейнеленген.
3 3. "РЕВЕРС" жағында қазақ және орыс тілдерінде:
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің -
Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс
сыйлығының лауреаты"
"Лауреат государственной премии
мира и прогресса Первого Президента
Республики Казахстан - Лидера Нации"
деген жазу орналасады.
📌 Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
14 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2002 жылғы 3 сәуiрдегі
N 396 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң СИПАТТАМАСЫ
📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
Ескерту. Сипаттаманың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 08.06.2017 № 350 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1 1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығының лауреаты куәлiгiнiң негiзi (бұдан әрi - Куәлiк) мөлшерi 190 х 65 миллиметр қоңыркүрең түстi терiмен қапталған "Астра Люкс" тұрпатты қағаз-картоннан дайындалады.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
2 2. Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы, оның төменгі жағында алтын түсті "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы лауреатының куәлігі" деген жазу орналасады.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.
3 3. Куәлiктiң мәтiнi iшкi жағында көк бояумен трафареттiк тәсiлмен басылады. Куәлiктiң сол жағында мемлекеттiк тiлдегi мазмұны, ал оң жағында тиiсiнше орыс тiлiндегi мазмұны көрсетiледi.
4 4. Куәлiктiң айқарма бетiнiң оң жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы орналасады. Сол жағында - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң - Елбасының Мемлекеттiк бейбiтшiлiк және прогресс сыйлығы лауреатының фотосуретi.
📌 Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1270 Қаулысымен.