Құжат мәтініне өту

Об образовании Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам борьбы с коррупцией

Жарлық · № 839 · қабылданған 02.04.2002
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-11731/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об образовании Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам борьбы с коррупцией Қолданыста Жарлық ·№ 839 ·02.04.2002
26.08.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об образовании Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам борьбы с коррупцией

Қолданыста Жарлық ·№ 839 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об образовании Комиссии при Президенте Республики Казахстан по вопросам борьбы с коррупцией
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
839
Қабылданған күні
02.04.2002
Көрсетілген редакция
26.08.2025 11731_781228.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U020000839_
ЭКБ идентификаторы
11731
Редакция идентификаторы
11731_781228
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:11

0 Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы

📌 Ескерту. Тақырыбына және мәтініне өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2007.07.23 N 369 жарлығымен.
Республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия құрылсын.

2 2. Қоса беріліп отырған:

1 1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;

2 2) алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284 Жарлығымен.

3 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

1 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
N 839 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері
жөніндегі комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
📌 Ескерту. Тақырыбына және мәтініне өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2007.07.23 N 369 жарлығымен.

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Мемлекет басшысы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2

2. Комиссияның міндеттері сыбайлас жемқорлыққа және мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (бұдан әрі – Әдеп кодексі) бұзушылығына қарсы күресті күшейтуге, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілік деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шараларды талдап-жасау мен қабылдау болып табылады.
📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.06.2024 № 591 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

3 3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

4

4. Комиссия төрағадан, хатшыдан және осы Ережеге қосымшаға сәйкес Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі басқарады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.
📌 Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284 Жарлығымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900; 29.12.2015 № 158; 29.06.2024 № 591 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) жарлықтарымен.

5 5. Алып тасталды - ҚР Президентінің 2012.03.13 N 284 Жарлығымен.

2 2. Комиссияның функциялары мен өкілеттіктері

6 6. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдап, Мемлекет басшысына енгізу;

2 2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жай-күйіне, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтарына мониторинг жүргізу мен талдау жасау;

3

3) жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар жол берген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын бұзушылығы туралы азаматтар мен заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды қарау және оларға тәртіптік жазалар қолдануға уәкілеттік берілген адамдарға қызметтік тексеру жүргізу туралы ұсынымдар дайындау.
📌 Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 29.06.2024 № 591 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

7 7. Комиссия өз құзыреті шегінде:

1 1) орталық және жергілікті органдардан қылмыстық істерді және жедел-іздестіру материалдарын қоспағанда, өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;

2 2) мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғалардың немесе оларға теңестірілген тұлғалардың жазбаша түсініктемелерін тыңдауға және олардан ауызша түсініктемелер алуға;

3 3) құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға қызмет этикасын бұзу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактілері бойынша тексеру жүргізу және заңнамада көзделген басқа да шараларды қабылдау үшін материалдарды жолдауға;

4 4) өз отырыстарында құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуы мәселелері жөніндегі ақпаратын тыңдауға;

5

5) тиісті органдар мен мемлекеттік ұйымдарға Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын орындауды қамтамасыз етпеген, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған, сондай-ақ Әдеп кодексін бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауаптылығы туралы, тіпті оларды атқаратын қызметінен босатуға шейін, ұсыныстар енгізуге;

6 6) алып тасталды - ҚР Президентінің 2003.02.27 N 1032 Жарлығымен;

7

7) Қазақстан Республикасының Президентіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, мемлекеттік органдардың басшыларына тапсырмалар беру, қаралатын мәселелер бойынша Республика Президентінің тиісті актілерін шығару, сондай-ақ оларды атқаратын қызметінен босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2003.02.27 N 1032, 2011.02.18 N 1157; 29.06.2024 № 591 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) жарлықтарымен.

3 3. Комиссия қызметін ұйымдастыру

8 8. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі, олар Комиссия төрағасының шешімі бойынша ашық немесе жабық болуы мүмкін.

9 9. Комиссияның отырыстары Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі болғанда құқылы. Комиссия мүшелері оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.

10 10. Комиссия шешімдері отырысқа қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

11 11. Комиссияның отырыстарына Комиссия мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

11-1

11-1. Комиссия отырысында тыңдалатын мемлекеттік органның қызметі саласында заңнаманың бұзылу фактілері келтірілген жағдайда, Комиссия мүшелері болып табылатын немесе Комиссия отырысында шақырылған, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары орын алған бұзушылық фактілері бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органның ұстанымын білдіреді.
Аталған мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының басшылары осындай бұзушылық фактілері бойынша тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныстар айтуға құқылы.
📌 Ескерту. Ереже 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Президентінің 2011.02.18 N 1157 Жарлығымен.

12 12. Комиссия төрағасы:

1 1) Комиссия қызметіне басшылық жасайды;

2 2) оның отырыстарында төрағалық етеді;

3 3) Комиссия жұмысы туралы Республика Президентіне тұрақты

есеп береді;

4 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік

қызметшілердің қызмет этикасы мәселелерін қарауға байланысты құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың алқа отырыстарына қатысуға хақылы.

13 13. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.

14 14. Комиссия хатшысы:

1 1) Комиссия мүшелерін Комиссия отырысының уақыты мен орны туралы хабардар етеді;

2 2) Комиссия отырыстарына материалдар дайындауды ұйымдастырады;

3 3) Комиссия отырыстарының хаттамасын жүргізеді;

4 4) Комиссия шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады әрі бақылау жасайды;

5 5) Комиссия төрағасының тапсырмасы бойынша өзге де

функцияларды жүзеге асырады.

15 15. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Комиссияның

жүктелген міндеттерді орындауына жәрдемдесуге міндетті.

16 16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Құқық қорғау жүйесі бөлімі болып табылады.

📌 Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 2002.09.24 N 951, өзгерту енгізілді - 2004.12.15 N 1504, 2005.11.30 N 1679, 2008.04.24 N 576 Жарлықтарымен.

2 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
📌 Ескерту. Комиссияның құрамы жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 29.06.2024 № 591 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 26.08.2025 № 975 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі, төраға
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Президентінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
_________________________

Қолданыстағы