Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных, представляемой Департаментами Комитета труда и социальной защиты Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы, предназначенной для сбора административных данных, представляемой Департаментами Комитета труда и социальной защиты Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 427
- Қабылданған күні
- 12.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2022 117318_596700.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1700016157
- ЭКБ идентификаторы
- 117318
- Редакция идентификаторы
- 117318_596700
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:52
0 Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Департаменттері ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаменттерінің лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Департаменттерінің назарына жеткізуді;
6
6) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
___________ Н. Айдапкелов
2017 ж. 13 желтоқсан
0 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 427 бұйрығына
қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменттері
лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет
Мәліметтер қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті
Әкімшілік деректер нысаны
https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/documents/details/adilet/V1700016157?lang=ru интернет-ресурсында орналасқан.
Әкімшілік деректер нысанының атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаменттерінің лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәлімет
Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-ГК
Кезеңділік: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы ______ тоқсан
Мәліметтерді ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша департаменттері
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне қарай ұсынылады
№
Көрсеткіштердің атауы
ағымдағы жылы
өткен жылы
20__жылы
20__жылы
есептік кезең
жылдың басынан бері
есептік кезең
жылдың басынан бері
1
2
3
4
5
6
1
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаментінің лауазымды адамдарының саны, адам
2
тексерулер саны,
оның ішінде:
1) профилактикалық;
2) жоспардан тыс
3
анықталған/жойылған бұзушылықтар саны, оның ішінде:
1) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнамасының бұзылуы;
2) мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту шараларының орындалмауы;
3) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеу;
4) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызмет туралы заңнамасының бұзылуы;
5) стационар жағдайында;
6) жартылай стационар жағдайында;
7) үйде қызмет көрсету жағдайында;
8) уақытша болу жағдайында;
4
берілген нұсқамалардың саны, оның ішінде:
1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында;
2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында
5
құқық қорғау органдары мен сот органдарына жіберілген материалдың саны, оның ішінде:
1) ішкі істер органдарына;
2) прокуратура органдарына;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
4) соттарға
6
салынған әкімшілік айыппұлдардың саны, оның ішінде:
1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында;
2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында;
7
салынған әкімшілік айыппұлдардың сомасы, оның ішінде:
1) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында, мың теңге;
2) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында, мың теңге;
3) олардың ішінде төленгені, мың теңге
8
күші жойылған актілердің, нұсқамалардың, қаулылардың саны, оның ішінде:
1) прокуратура органдары;
2) соттар
9
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаментінің лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдардың (өтініштердің) саны
оның ішінде: расталғандары
10
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаментінің лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілікке тартылғандарының саны:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;
5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату
Басшы _______________________________________________ ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушы _________________________________________ _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы)
Орындаушының телефоны _____________________________________
Ұйымның мекенжайы _________________________________________
Ұйымның телефоны ___________________________________________
Мөр орны
Ескертпе: «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаменттерінің лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген.
1 «Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек және әлеуметтік
қорғау комитеті
Департаменттерінің лауазымды
адамдарының жұмысы
туралы мәліметтер»
әкімшілік деректерін жинауға
арналған нысанға
қосымша
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаменттерінің лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1
1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаменттерінің лауазымды адамдарының жұмысы туралы мәліметтер» (бұдан әрі – Нысан) әкімшілік деректерін жинауға арналған есеп нысанын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Департаменттері толтырады және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне қарай ұсынады.
2 2. Көрсеткіштер ағымдағы есепті кезеңнің 5-күніне нақты деректер бойынша қалыптастырылады.
3 3. Нысанға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаментінің бірінші басшысы, ал ол болмаған жағдайда – оның міндетін атқарушы адам қол қояды.
4 4. Нысанның 1-бағанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаментінің лауазымды адамдарының жалпы саны көрсетіледі.
5 5. Нысанның 2-бағанында тексерулердің, оның ішінде профилактикалық, жоспардан тыс тексерулердің жалпы саны көрсетіледі.
6 6. Нысанның 3-бағанында анықталған және жойылған бұзушылықтардың саны көрсетіледі, оның ішінде:
1 1) Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды қорғау туралы заңнаманың бұзылуы;
2 2) мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту шараларының орындалмауы;
3 3) мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, мәдени-ойын-сауық ұйымдарына және спорт ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеу;
4 4) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызмет туралы заңнамасының бұзылуы:
5 5) стационар жағдайында;
6 6) жартылай стационар жағдайында;
7 7) үйде қызмет көрсету жағдайында;
8 8) уақытша болу жағдайында.
7 7. Нысанның 4-бағанында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында берілген нұсқамалардың жалпы саны көрсетіледі.
8 8. Нысанның 5-бағанында құқық қорғау органдары мен сот органдарына жіберілген материалдың жалпы саны көрсетіледі.
9 9. Нысанның 6-бағанында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы саны көрсетіледі.
10 10. Нысанның 7-бағанында салынған әкімшілік айыппұлдардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында және арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аясында салынған, оның ішінде төленген әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы, мың теңгеде көрсетіледі.
11 11. Нысанның 8-бағанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаментінің лауазымды адамдарының, оның ішінде прокуратура органдары, соттар күшін жойған актілерінің, нұсқамаларының, қаулыларының жалпы саны көрсетіледі.
12 12. Нысанның 9-бағанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаментінің лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттеріне келіп түскен шағымдардың, өтініштердің саны көрсетіледі.
13
13. Нысанның 10-бағанында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Департаментінің тәртіптік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде, ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс жарияланған, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету, атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарының саны көрсетіледі.