О внесении изменений в административно-территориальное устройство Курчумского района Восточно-Казахстанской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в административно-территориальное устройство Курчумского района Восточно-Казахстанской области
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 318
- Қабылданған күні
- 05.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 05.12.2017 117356_268641.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17V0005374
- ЭКБ идентификаторы
- 117356
- Редакция идентификаторы
- 117356_268641
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:59
0 Шығыс Қазақстан облысының
Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 8, және 11-баптарына сәйкес, «Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы» бірлескен Күршім аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 15/2-VI шешімі мен Күршім ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 325 қаулысының негізінде, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) келесі елді мекендер таратылсын және есепті деректерден шығарылсын және басқа қоныстар санатына жатқызылсын:
Марқакөл ауылдық округінің Матабай ауылы;
Марқакөл ауылдық округінің Мойылды ауылы;
Абай ауылдық округінің Төсқайың ауылы;
Құйған ауылдық округінің Шірікаяқ ауылы;
2 2) таратылатын ауылдардың аумақтары:
Марқакөл ауылдық округінің Матабай қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Марқакөл ауылдық округінің Ақжайлау ауылының құрамына;
Марқакөл ауылдық округінің Мойылды қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Марқакөл ауылдық округінің Марқакөл ауылының құрамына;
Абай ауылдық округінің Төсқайың қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Абай ауылдық округінің Бурабай ауылының құрамына енгізілсін;
Құйған ауылдық округінің Шірікаяқ қонысы шекаралары өзгертіле отырып, Құйған ауылдық округінің Қайнар ауылының құрамына енгізілсін.