Құжат мәтініне өту

Об утверждении Методики оценки экономической концентрации на товарных рынках

Бұйрық · № 416 · қабылданған 14.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117371/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Методики оценки экономической концентрации на товарных рынках Қолданыста Бұйрық ·№ 416 ·14.12.2017
25.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Методики оценки экономической концентрации на товарных рынках

Қолданыста Бұйрық ·№ 416 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Методики оценки экономической концентрации на товарных рынках
Атауы (қаз.)
Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
416
Қабылданған күні
14.12.2017
Көрсетілген редакция
25.09.2023 117371_654946.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016161
ЭКБ идентификаторы
117371
Редакция идентификаторы
117371_654946
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:47

0 Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесін бекіту туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

0 Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2017 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 416 бұйрығымен
бекітілген
Тауар нарықтарындағы
экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 90-6-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және экономикалық шоғырлануға келісім беру бойынша өтінішхатты немесе жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны қарау кезінде қолданылады.

2 2. Әдістеме монополияға қарсы органның тауар нарықтарындағы экономикалық шоғырлануды бағалау тетігін айқындайды.

2 2-тарау. Негізгі ұғымдар

3 3. Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:

1 1) құзыреттi орган – экономиканың тиiстi саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

2 2) мәмілеге қатысушылардың тауарлары – экономикалық шоғырлануға мәміле жасасқанға дейін мәмілеге қатысушылар өткізетін және мәмілеге қатысушылар ол аяқталғаннан кейін өткізілуі жоспарланатын (жоспарлаған) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);

3 3) өтiнiш берушi – экономикалық шоғырлануға келiсiм беру туралы өтiнiшхат немесе жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама берген тұлға;

4 4) тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) өнім берушілері (сатушылар, тапсырыс берушілер) – өз қызметінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізетін нарық субъектілері, сондай-ақ тауар өндірушілерден соңғы тұтынушыларға жылжыту бойынша қызметтер көрсететін сауда және делдал ұйымдар;

5 5) Экономикалық шоғырлануға келісім – монополияға қарсы органның кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға келісімі;

6 6) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниет білдірген жеке немесе заңды тұлға;

7

7) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – монополияға қарсы органның кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салуы және (немесе) монополияға қарсы органның кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген экономикалық шоғырлану мәмілелерінің күшін жою туралы нұсқама шығаруы.
Әдістемеде пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдаланылады.

3 3-тарау. Экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізу негіздері мен кезеңдері

4 4. Экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізу негіздері монополияға қарсы органға:

1 1) Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттың (бұдан әрі – өтінішхат);

2 2) Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беруші ұсынған Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген экономикалық шоғырлану туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) келіп түсуі болып табылады.

5 5. 40 күнтізбелік күн ішінде (Кодекстің 205-бабының 3 және 5-тармақтарына сәйкес мерзімдерді тоқтата тұру құқығымен) монополияға қарсы органның өтінішхатты қарау барысында экономикалық шоғырлануды бағалауды жүргізуі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1 1) өтінішхатқа қоса берілетін, Кодекстің 204-бабында көзделген құжаттаманың толықтығы мен анықтығын тексеру;

2 2) егер мәмілеге қатысушы тұлғалар (тұлғалар тобы) өзара алмастырылатын тауарларды өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу;

3 3) бір немесе одан көп тауар нарықтарында бәсекелестікті шектеудің пайда болуы немесе күшеюі анықталған кезде бәсекелестiктi шектеу көрсеткiштерiн есептеу;

4 4) монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелерi бойынша шешiм қабылдауы.

6 6. Монополияға қарсы органның хабарламаны қарау барысында экономикалық шоғырлануға бағалау жүргізуі мынандай кезеңдерді қамтиды:

1 1) Кодекстің 207-бабында көзделген, хабарламаға қоса берілетін құжаттаманың және мәліметтердің толықтығы мен анықтығын тексеру;

2 2) Кодекс талаптарына сәйкестігі тұрғысынан экономикалық шоғырланудың жасалғанын растайтын шартты немесе өзге де құжатты қарау;

3 3) бәсекелестiктiң шектелуі немесе жойылуы, оның iшiнде нарық субъектісінің үстем жағдайының пайда болуы немесе күшеюi арқылы шектелуі немесе жойылуы тұрғысынан экономикалық шоғырлануды қарау;

4 4) Кодекстің 209-бабына сәйкес монополияға қарсы органның жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама бойынша шешiм қабылдауы.

7 7. Экономикалық шоғырлануды бағалау кезінде ақпарат ретінде қажеттілігіне қарай:

1 1) экономикалық шоғырлануға қатысушылардан;

2 2) тұтынушылар пікіртерімі барысында;

3 3) мемлекеттiк статистикалық қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органнан;

4 4) құзыретті мемлекеттік органдардан;

5 5) экономикалық шоғырландыруға қатысушылармен ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiруді, өткiзудi, экспорттауды немесе Қазақстан Республикасына импорттауды жүзеге асыратын нарық субъектілерінен;

6 6) монополияға қарсы органның өз зерттеулері барысында;

7 7) қауымдастықтардан, қоғамдық бірлестіктерден, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан алынған мәліметтер;

8 8) нарық субъектілеріне, азаматтарға, қоғамдық ұйымдарға жүргізілген маркетингтік, әлеуметтанушылық зерттеулердің, іріктелген пікіртерімдер мен сауалнамалардың деректері пайдаланылады.

4 4-тарау. Экономикалық шоғырлану жасалған кезде тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу

8

8. Егер экономикалық шоғырлануға қатысушылар тауарлары ішінде ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарлар болмаған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешім қабылдайды және осындай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны өтініш берушіге жібереді.

9

9. Егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын тауарларды өткізу жөніндегі қызметті және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, монополияға қарсы орган Кодекстің 196-бабына және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 13 бұйрығымен бекітілген Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу жөніндегі әдістеменің 7-тармағына сәйкес тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27883 болып тіркелген).

10

10. Егер тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдаудың нәтижесі бойынша экономикалық шоғырлануға қатысушылардың жиынтық үлесі тауар нарығында 35% және одан төмен пайызды құраса, сондай-ақ бәсекелестікті шектеу белгілері болмаған жағдайда, монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануды жасауға келісім береді.

11 11. Егер тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдаудың нәтижесі бойынша экономикалық шоғырлануға қатысушылардың жиынтық үлесі тауар нарығында 35%-дан астам болған жағдайда, монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлану жасау кезінде бәсекелестiктi шектеу көрсеткiштерiне есептеу жүргізеді.

Егер экономикалық шоғырлану бәсекелестікті шектеуге алып келсе, монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлану жасауға жол бермейді.

5 5-тарау. Экономикалық шоғырлану жасалған кезде бәсекелестiктi шектеу көрсеткiштерiн есептеу

12 12. Бәсекелестiктi шектеудiң болуын, пайда болуын немесе күшеюін анықтау үшiн монополияға қарсы орган бәсекелестікті шектеудің мынадай көрсеткіштерін пайдаланады:

1 1) мәміле жасалғаннан кейін тиісті тауар нарығында мәмілеге қатысушылардың жиынтық үлесі 35% -ды құрайды немесе одан асады;

2 2) нарықтық шоғырлану көрсеткіштерінің өзгеруі: мәміле жасалған жағдайда тауардың тиісті нарығында Герфиндаль - Гиршман нарықтық шоғырлану индексі (HHI) өзгереді:

қалыпты шоғырландырылған нарық үшін 250-ден артық мөлшерге (1000 < ННI < 2000);
жоғары шоғырландырылған нарық үшін 100-ден артық мөлшерге (2000 < ННI < 10000);
нарық субъектілерінің төмен шоғырландырылған нарықтарда (HHI 1000) бірігуінің нәтижесінде нарыққа теріс салдарлардың болу ықтималдығы аз;

3 3) мәміле жасалғаннан кейін нарыққа ықтимал кіру/шығу кедергілерінің пайда болуы;

4 4) Лернер индексі

0,5 болғанда, мәмiлеге қатысушылардың бiрiмен мәмiле жасалғаннан кейiн нарықтық билiктiң пайда болуы немесе күшеюi.

13 13. Герфиндаль – Гиршман (ННI) нарықтық шоғырлану индексі нарықта жұмыс істейтін барлық кәсіпорындары үлестері квадраттарының сомасы ретінде есептеледі және үлестер немесе пайыздармен өлшенеді:

HHI = S12 + S22 + ... + Sn2,
мұнда:
S1, S2 ... Sn – нарықтағы фирмалардың үлестері;
n – нарықтағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны.
Герфиндаль – Гиршман нарықтық шоғырлану индексі нарықтың монополиялану дәрежесін, онда нарық субъектілерінің болуының біркелкілігін (немесе біркелкі еместігін) алдын ала бағалауға мүмкіндік береді. Тиісті тауар нарығында өнімді әртүрлі ауқымда жеткізетін өнім берушілер неғұрлым көп болған сайын, аталған көрсеткіштердің мәні соғұрлым төмен болады.
Нарықтық шоғырлануды айқындау кезінде тиісті тауар нарығында адамдар тобы айқындалады. Бұл ретте адамдар тобы бірыңғай нарық субъектісі ретінде қаралады.

14 14. Мәміледен кейін нарыққа кіру/шығу кедергілеріне мыналар жатады:

1 1) экономикалық шектеулер, оның ішінде:

осы салымдардың өзін-өзі ақтау мерзімдері ұзақ болғанда айтарлықтай бастапқы күрделі салымдарды жүзеге асыру қажеттігі;
қаралып отырған тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерімен салыстырғанда, әлеуетті қатысушылар үшін қаржыландыру тартудың барынша жоғары шығындары;
қажетті ресурстарға және зияткерлік меншік құқықтарына, ақпарат алуға қолжетімділік алу шығындары;
ұсынысы шектелген және қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін нарық субъектілерінің арасында бөлінген ресурстарға әлеуетті қатысушылардың қолжетімділігінің болмауы;
нарық субъектілері үшін өндірістің (өндіріс ауқымының әсері) мұндай көлеміне қол жеткізгенге дейін өнім бірлігінің барынша жоғары шығындарына негізделген экономикалық тұрғыдан ақталған ең аз өндіріс көлемінің болуы;
нарықтың әлеуетті қатысушылары алдында, атап айтқанда, өнім бірлігінің шығындары бойынша және тауарға сұраныс бойынша қаралып отырған нарықта жұмыс істейтін нарық субъектілерінің артықшылығы;

2 2) мемлекеттік органдар енгізген әкімшілік шектеулер, оның ішінде:

қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау шарттары;
квоталау;
тауарларды әкелуді-әкетуді шектеулер;
белгілі бір сұранысты міндетті қанағаттандыру, ұтқыр қуаттарды қолдау, жұмыс орындарын және әлеуметтік инфрақұрылымдарды сақтау талаптары;
жекелеген нарық субъектілеріне жеңілдіктер беру;
жер учаскелерін бөлуге, өндірістік және өзге де үй-жайлар беруге кедергілер;
мемлекеттік мұқтаждықтар үшін тауар берушілерді конкурстық іріктеу шарттары;
экологиялық шектеулер, оның ішінде өндірістік қуаттарды және көлік инфрақұрылымы объектілерін салуға тыйым салу;
стандарттар және сапаға қойылатын талаптар;

3 3) тауар нарығында жұмыс істеп тұрған компаниялардан технологиялық тұрғыдан асып түсуді білдіретін технологиялық шектеулер;

4 4) өзге де шектеулер:

тауар нарығында жұмыс істеп тұрған нарық субъектілерінің нарыққа кіру тосқауылдарын жасауға бағытталған әрекеттерінің стратегиясы, оның ішінде:
монополиялық төмен баға белгілеу;
жосықсыз бәсекелестік;
тауар нарығында жұмыс істеп тұрған нарық субъектілерінің ішінде нарыққа кіруге тосқауыл жасауға әкелетін сатылас интеграцияланған нарық субъектілерінің болуы:
нарықтың басқа әлеуетті қатысушыларымен салыстырғанда, сатылас интеграцияланған нарық субъектілерінің қатысушылары үшін артықшылық туғызады;
нарықтың әлеуетті қатысушыларының сатылас интеграциялануға қатысу қажеттілігін талап етеді, бұл нарыққа кіру шығасыларын ұлғайтады;
тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу барысында анықталған тауар нарығына кіруге басқа да шектеулер.

15 15. Лернер индексі тауар бағасы мен оны өндірудің шекті шығасылары арасындағы бағаға жатқызылған айырма ретінде есептеледі:

L=[P-MC]/P
мұнда:
L – Лернер индексі;
Р – тауардың босату бағасы;
МС – тауар өндірудің шекті шығасылары.
Аталған көрсеткіш монополия жағдайында ресурстарды тиімсіз орналастыруға байланысты шекті шығындардан бағаның ауытқығанын көрсетеді. Кәсіпорынның өткізу бағасы бәсекелес бағалардан неғұрлым көп ауытқыса, Лернер коэффициенті соғұрлым жоғары.
Бұл коэффициент толық бәсекелес нарық үшін нөлге тең (нарықтық билік жоқ); монополистік бәсекелестік нарығы үшін 0,3 – 0,5 диапазонында тұр; олигополия нарығы үшін – кәсіпорындар (олар неғұрлым аз болса, Лернер коэффициенті соғұрлым көп болады) санына қарай 0,6 – 0,8 диапазонында; үстем кәсіпорындары бар нарықтар үшін ол 0,8-0,9-ға жетуі мүмкін, монополия нарығы үшін 1-ге жақындайды.

6 6-тарау. Экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар

16 16. Экономикалық шоғырлануды бағалау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қоятын қорытынды қалыптастырылады.

17 17. Қорытындыны қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға мынадай:

1 1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;

2 2) экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.

18 18. Кодекстің 209-бабына сәйкес хабарламаны қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган шешім қабылдайды.

1 Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

Тауар нарықтарындағы
экономикалық шоғырлануды
бағалау әдістемесіне
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің төрағасы
________________________
(барыс септігінде)
________________________
(шығыс септігінде)
(толық атауы және (немесе)
көрсетілетін қызметті алушының
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), тегі, БСН және
(немесе) ЖСН (болған жағдайда)
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)
200-бабының 2-тармағын сәйкес
____________________________________________________________________
(мәміленің, іс-әрекеттің мәні мен тараптары көрсетілген мәміленің,
іс-әрекеттің сипаттамасы)
_____________________________________________________________________
қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.
Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат
____________________________________________________________________
(Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)
____________________________________________________________негізінде
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), тегі көрсетіледі) беріліп отыр.
Құжаттама ______________________________________________________
________________________________________________________________
(Кодекстің 204-бабының тармағы көрсетіледі)
сәйкес қоса беріледі.
Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).
Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
Басшының немесе оны алмастыратын
тұлғаның қолтаңбасы ____________________________
Өтінішхат берілген күн «___»_____________ __________
Өкілдің байланыс мәліметтері _____________________________

2 Жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама

Тауар нарықтарындағы
экономикалық шоғырлануды
бағалау әдістемесіне
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агентігінің төрағасы
_________________________
(барыс септігінде)
_________________________
(шығыс септігінде)
(толық атауы және (немесе)
көрсетілетін қызметті алушының
аты, әкесінің аты (болған
жағдайда), тегі, БСН және
(немесе) ЖСН (болған жағдайда)
Жасалған экономикалық шоғырлану туралы хабарлама
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 200-бабының 1-тармағына сәйкес
___________________________________________________________________________
(мәмілеге қатысушылардың атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
жасалған (жоспарланған) экономикалық шоғырлану туралы хабардар етемін, ол мыналарға негізделеді:
нарық субъектісінің (оның ішінде сенімгерлік басқаруға арналған шарттың, бірлескен қызмет туралы келісімнің, комиссия шартының негізінде) кәсіпкерлік қызметті жүргізген кезде басқа нарық субъектісіне орындалуы міндетті нұсқамалар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтарды сатып алу
аталған субъектілерде көрсетілген жеке тұлғалар өздерінің кәсіпкерлік қызметін жүргізу жағдайлар анықтаған жағдайда, екі және одан көп нарық субъектілерінің атқарушы органдарына, директорлар кеңестеріне, бақылау кеңестеріне немесе басқа басқару органдарына бір жеке тұлғалардың қатысуы
Мәміленің, іс-қимылдың сипаттамасы
___________________________________________________________________
Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Атауы/аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі
___________________________________________________________________
БСН/ЖСН
Ұсынылған құжаттар нөмірленген (электрондық жеткізгіштері қосымша беріледі).
Қоса беріліп отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.
Ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Басшының немесе оны алмастыратын
тұлғаның қолтаңбасы ___________________________
Өтінішхат берілген күн «____»_____________ _______
Өкілдің байланыс мәліметтері ___________________________

Қолданыстағы