Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Ереже · № 18/142 · қабылданған 21.12.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117405/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность Күшін жойған Ереже ·№ 18/142 ·21.12.2017
27.12.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность

Күшін жойған Ереже ·№ 18/142 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда поступившими в коммунальную собственность
Атауы (қаз.)
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18/142
Қабылданған күні
21.12.2017
Көрсетілген редакция
27.12.2021 117405_554644.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17KQ004520
ЭКБ идентификаторы
117405
Редакция идентификаторы
117405_554644
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:41

0 Сот шешімімен коммуналдық

меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды
басқару қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Шет ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасарына және аудандық мәслихаттың құрылыс, автокөлік коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелер және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

Шет аудандық мәслихатының
2017 жылғы 21 желтоқсандағы
XVIII-сессиясының
№18/142 шешімімен
бекітілген
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып
танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің

20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2 2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3 3. Иесіз қалдықтарды басқаруды ауданның жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

4 4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Шет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі (бұдан әрі - бөлім) комиссияның жұмыс органы болып белгіленеді.

5 5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2 2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларыга сәйкес атқарылады.

7 7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8 8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9 9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3 3. Қорытынды ережелер

10 10. Қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Қолданыстағы