Құжат мәтініне өту

О присвоении наименовании улицам

Өзге акт · № 50 · қабылданған 07.12.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-117414/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О присвоении наименовании улицам Қолданыста Өзге акт ·№ 50 ·07.12.2017
07.12.2017 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименовании улицам

Қолданыста Өзге акт ·№ 50 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименовании улицам
Атауы (қаз.)
Көшелерге атау беру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
50
Қабылданған күні
07.12.2017
Көрсетілген редакция
07.12.2017 117414_274237.kaz
Соңғы өзгеріс
07.12.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17UGM04355
ЭКБ идентификаторы
117414
Редакция идентификаторы
117414_274237
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 02:57

0 Көшелерге атау беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Қызылқұм ауылдық округі әкімі
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қызылқұм ауылдық округіне қарасты көшелерге келесі атаулар берілсін:

1 1) Ақтөбе ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге-Болашақ атауы;

2 2) Еңбекші ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге–Жаңа қоныс атауы;

3 3) Мақталы ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге-Арнасай атауы;

4 4) Қарасақал ауылындағы Жаңа құрылыс №1 көшеге-Талапкер атауы;

5 5) Қарасақал ауылындағы Жаңа құрылыс №2 көшеге- Келешек атауы.

2 2. «Қызылқұм ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3 3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4 4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Қызылқұм ауылдық округі әкімінің орынбасары Н. Койлыбековке жүктелсін.

4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы