О переименовании улиц села Береке и села Пограничник Достыкского сельского округа города Аксу
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О переименовании улиц села Береке и села Пограничник Достыкского сельского округа города Аксу
- Атауы (қаз.)
- Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке ауылының және Пограничник ауылының көшелерін қайта атау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1-03/03
- Қабылданған күні
- 20.12.2017
- Көрсетілген редакция
- 20.12.2017 117452_273395.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17PBG05778
- ЭКБ идентификаторы
- 117452
- Редакция идентификаторы
- 117452_273395
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 02:42
0 Ақсу қаласы Достық селолық
округінің Береке ауылының және
Пограничник ауылының
көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласы Достық селолық округі Береке ауылы және Пограничник ауылындағы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ақсу қаласы Достық селолық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақсу қаласы Достық селолық округінің Береке ауылындағы келесі көшелері:
«Дзержинский» көшесі «Тәуелсіздік» көшесі болып;
«Комсомольский» көшесі «Ынтымақ» көшесі болып;
«Крестьянская» көшесі «Еңбек» көшесі болып;
«Ленин» көшесі «Николай Бердников» көшесі болып;
«ЛТО» көшесі «Ақниет» көшесі болып;
«Карл Маркс» көшесі «9 Мамыр» көшесі болып;
«Маяковский» көшесі «Ата Заң» көшесі болып;
«Мира» көшесі «Бейбітшілік» көшесі болып;
«Молодежная» көшесі «Жастар» көшесі болып;
«Новостройка» көшесі «Болашақ» көшесі болып;
«Олимпийская» көшесі «Атамекен» көшесі болып;
«Пионерская» көшесі «Ұлан» көшесі болып;
«Советская» көшесі «Желтоқсан» көшесі болып;
«Целинная» көшесі «Парасат» көшесі болып қайта аталсын.
2 2. Ақсу қаласы Достық селолық округінің Пограничник ауылындағы келесі көшелері:
«Новая» көшесі «Атамекен» көшесі болып;
«Пролетарский» қиылысы «Жұмыскер» көшесі болып қайта аталсын.